Жасанды интеллект өнер адамдары үшін мүмкіндік пе әлде қатер ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

Жасанды интеллекттің мүмкіндігі шексіз. Ол ақпаратты өңдеп, күрделі тапсырмаларды орындай алады. Тіпті оның көмегімен кез келген бейнеге еніп, жаңа образдар жасауға болады. Жасанды зейіннің болашаққа қаупі мен пайдасы қандай? Бірге анықтайық.

 

Жасанды зейін тек біз білетін ChatGPT-мен шектелмек емес. Онлайн сатып алудағы ұсыныстар, әлеуметтік желідегі алгоритмдер, дауыстық көмекшілер – барлығы оның нәтижесі. Ал одан қорқу қаншалықты орынды?

Шәріп Серік, актер:

– Шыны керек мен 1-2 рет қолданғанмын ЧатGPT дегенді. Тым қатты беріліп зерттемедім, бірақ қолданған кезде мен шыны керек таң қалдым. Мен таңданамын, қорқамын арасында.

NNN, блогер:

– Жасанды интеллект көбісі қорқынышты деп жатыр. Жоқ, бұл қазіргі заманға сай даму. ЖИ 50 адамның жұмысын алып қойса сол ЖИ мен жұмыс жасайтын тағы да 50 адам керек болады. Барлығы да адамның басқаруымен қолданылады. Сондықтан да қазіргі жастарға айтарым ЖИ -ді оқыңыздар, үйреніңіздер, дамыңыздар. Әркім өз саласына керегіне қолданса өте жақсы.

Хош дейік! Алайда, бүгінде алаяқтар жұлдыздардың бейнесін deepfake технологиясы арқылы пайдаланып, жалған жарнамалар жасауда. Жалған видеолардың зардабынан атына кір келгендердің тізімі шетелді былай қойғанда, Қазақстанның өзінде де көп. Соның ішінде танымал актер Шако да бар.

Шәріп Серік, актер:

– Бір видеода болмайтын дүниені жарнамалап жатыр екенмін. Басында ешқандай мән берген жоқпын. Бірақ, кейін мен ешнәрсе істей алмадым. Мен нестей аламын? Бұл жағынан заңгерлермен де сөйлесіп жатырмын. Қалай істеуге болатынын… Егер тауып жатсақ оны сотқа береміз енді болашақта.

Жұлдыздар авторлық құқықпен күресіп жүргенде, киногерлер жасанды интеллектпен достасып, түсірілім алаңындағы адам санын азайтуға тырысып жүрген секілді.

Алишер Утев, режиссер:

– Қазір ЖИ арқылы мысалы планировка істей аласыз. Одан кейін ЖИ менің ойымша бір 3 жылдың ішінде композитор деген профессияны жоятын сияқты… Өйткені композитор ойлап табатын музыкасын ИИ 1 минуттың ішінде сізге 100 шақты вариант сізге ұсына алады.

Бұдан бөлек қазіргі таңда жасанды зерденің көмегімен фильмге сценарий жазып, кітап шығарып жүргендердің де қатары артып келеді. Жаңа технологияның сапалы жазатыны өтірік емес. Десе де, осы орайда авторлық құқықтың қалай сақталатыны үлкен сұрақ.

Қазіргі таңда айти саласының маманы -Мейіржан Әуелханұлы осы тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, замануи технологияны қолдануды жеңілдететін кітап жазып шыққан. Ақылды жүйенің жіберуі мүмкін қателіктерді білу мақсатында «Жасанды интеллект әліппесінің» авторымен тілдесіп көрдік.

Мейіржан Әуелханұлы, «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының авторы:

– Біздегі эмоциялық интеллект деген дүние бар. Оны мүлде қайталай алмайды. Ал эмоциялық интеллекттерден басқа интелекттердің барлығын өкінішке орай адамнан әлдеқайда артық ол қайталай алады қазіргі күнде.

Жасанды зердені танып-біліп, одан 2 қадам алда жүретін болсақ, еш қауіп болмайтыны анық. Ал оның болашақта қалай дамитыны әзірге беймәлім.