2024 жылы хит болған Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтың шығармашылық тандемы халықтың көңілінен шығып, көрермен арасында сұранысқа ие. Жаңашылдықты жаны сүйетін қос әзілкеш, трендтен қалмай, өзгеше форматта жоба жасады. Бұған дейін тек онлайн нұсқасы ұсынылған «Қазақша анекдот» шоуы енді оффлайнға көшті.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– Осыны қолға алайық. Болса болады, болса болады. Болмаса болмайды деп бір бастап көрдік. Жақсы нәтиже берді. Тоқтамайық, ары қарай жалғастырайық, үдетейік, дамытайық деп міне бүгінгі таңда қазір бірінші рет осы стендап сарайында біз халықпен бірге өткізіп көрейік деп отырмыз.
Ұтымды әзіл мен қағытпа қалжыңды серік еткен Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаров тандемдерінің құпиясымен бөлісті.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– Бізге қандай әзіл жарасатынын білеміз. Мысалы маған келетін идея Қанатқа келуі мүмкін. Қанатқа келген идея, Қанат өзі айтады: «Мынау, саған келетін сияқты, маған темпоритм келмейді» -деді.
Қанат Әлжаппаров, әзілкеш, актер:
– Қайратпен иа әзіл күшті жарасады. Сосын оның деген қиялы ұшқыр ғой.
Әзіл әлемінің серілері бұнымен тоқтамайды. Жоспар бойынша өнер иелері биыл да Қазақстан бойынша гастрольдік сапар ұйымдастырмақ.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– 2-ші сәуірден бастап 16-шы мамырға дейін Алматы қаласында сапарымыздың нүктесі қойылады.
Қанат Әлжаппаров, әзілкеш, актер:
– Турға дайындық қалай?
– Дайындық күшті болып жатыр, 5 сағат-6 сағат тек дайындық жайлы айтып, сценарий жайлы айтып талқылап отыратын. Солай басыңды ауыртсаң сосын концерттің кезінде жеңіл болуы үшін дайындалу керек екен бәрібір.
Әділгерей-тегінің сахнада жүргеніне 20 жылдай уақыт болған. Десе де тәжірибелі өнерпаз өткір әзілдерін әлі күнге дейін халыққа өз деңгейінде жеткізе алмай жүргенін тілге тиек етті.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– Турдың ерекшелігі неде болады? Сол туралы айтып беріңізші.
– Енді әзіл концерт болғаннан кейін бұл жерде өткір әзіл болуы керек қой.
Сонымен ерекшеленесің ғой. Қазір ізденіс үстіндеміз. Неше түрлі өзекті тақырыптар бар. Цензура деген бар бізде, айта алатын нәрсеміз бар, айта алмайтын нәрсеміз бар. Көбіне 70 пайыз айта алмаймыз. Сосын амал жоқ біздің әзілдерімізді айтады: «Өй, дұрыс әзілдей алмайды, өткір әзілдей алмайды» -деп. Әйтпесе әзілдеуге болады.
2024 жылы концерт берсе аншлаг, кино түсірсе миллиард касса жинаған таланттар осы жылы да көрерменді қуантуға ниетті. Ендеше қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен астарлап жүрген артистерге біз тек сәттілік тілейміз!