Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Еркебұлан Дайыров, Томирис Жанғазинова және Шахризада Серікова. Олар түсірілім алаңында түрлі оқиғаларға тап болса да, өнер үшін нағыз жанкештілікке барды! Ал нәтижесі бүгін үлкен экранда!
Шытырманға толы «Супер курьер» картинасының премьерасындамыз!
Бірқатар кәсіби мамандар бой көрсеткен кезекті фильм жарық көрді! «Супер курьердің» кастингі 6 айға созылған. Продюсер Тимур Бақтыбаев толықметрдің маркетинг жағына көбірек көңіл бөлгендіктен, актерлік кастқа ауқымды аудиторияға ие блогерлерді қосқанын жасырмады. Десе де, оның барлық көздегені бола қоймаған сыңайлы:
Тимур Бақтыбаев, кинопродюсер:
– Мен осы киноға Голливудтық актер – Марк Дакаскосты шақырғанмын. Ол кісі келісім берді. Бірақ өкінішке орай менің киномның бюджеті ондай үлкен болмағаннан, кейін мен ол кісінің гонорарын көтере алмай қалдым.
Экшн туындыда өнер иелері қауіпті сахна қозғалыстарын түгелдей өздері орындаған. Соның салдарынан Тамирис Жанғазинова мен Шахризада Серікова реквизиттен де, актерлерден де оңбай таяқ жеген. Дегенмен түрлі қиындықтарды басынан өткерген қос аруды, премьерада аман-есен көргенімізге бек қуаныштымыз:
Тамирис Жанғазинова, актриса:
– Біз осы мантоварканы алып ұрған кезде, қолым көгеріп қалған. Иә, кәдімгідей. Себебі қатты күшпен ұруымыз керек. Бірнеше дубль жасадық.
Шахризада Серікова, актриса:
– Бандит мені ұстап алады, сосын екеуміз жерге құлау керек боламыз. Енді біраз ыңғайсыз құлап қалғаннан кейін, шынымды айтсам басымды ауыртып алдым. Күні бойы жұмыс істеу қиынға соқты.
Тимур Бақтыбаев, кинопродюсер:
– Сондай бір оқыс оқиға болды. Басымда үлкен тыртық қаллды. Ішіне әйнектер кіріп кеткен қалдықтары, соны тазалап, бірнеше жерден тікті.
Жоба үшін тынымсыз еңбек еткен шығармашылық ұжымның бұл картинада бой көрсетуінің өзіндік себебі бар:
– Сұранысқа ие актрисасыз. «Супер курьер» фильміне түсуге не түрткі болды?
Тамирис Жанғазинова, актриса:
– Боевик. Мен үшін жаңа жанр. Мен бұған дейін ондай бір төбелесіп көрмеппін ешқашан. Әрине менің ойымша әр актрисаның арманы өзін басқа ампулада көру.
Олжас Ибраев, режиссер:
– Мен үшін де бұл картина тәжірибе болды. Бұған дейін де төбелес бар кинолар түсірдік. Сол себепті бізде бір төбелес сахнаны 2-3 күн түсірген кездеріміз болды.
Премьераға келген қалың көпшіліктің арасынан рэпер Nurik Smit-ті де байқап қалдық. Музыканттың айтуынша, «Супер курьер» фильмінің санудтрегін жазу Нұрғисаға бұйырған:
– «Супер курьер» фильмінің саундтрегін орындапсыз. Бұл ұсынысты продюсерлер айтты, ма әлде өзіңіз бе?
– Иа, продюсерден ұсыныс келді. Ұйықтап жатыр едім, оятып жіберді де осындай ұсыныс жасады. Әрине қуана-қуана келістім.
– Арнайы кино үшін жаздыңыз ба?