«Миллиондық» Қанат Тасханның шаңырақ көтергені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл қыркүйектің аяғында тиктокты қаулаған өрттей шарпыған кадрлар. Сонымен, Қанаттың отау тіккені рас па?

– Неге басылып қалғансыз? Әлде үйленгеннен кейін, отағасы болғаннан кейін...

Қанат Тасхан, актер, әзілкеш:

– Мені кім айтып жүр үйленген деп.

-Тикток шулап жатыр ғой.

-Мен айтпаймын ба үйленсем, үйлендім деп. Съемка ғой.

Желідегілер Қанатты үйленді дегеннен бөлек, келіншегі екіншісіне жүкті екен, жақында тұңғышының тұсаукескер тойын жасапты деп шуласты. Бірақ әзілкеш аталмыш ақпараттың бәрін жоққа шығарды.

– Енді бізге келіп түскен кейбір ақпараттар бойынша Зере деген баласы бар, қызы бар. Жақында тұсаукесер тойын жасады дейді.

Қанат Тасхан, актер, әзілкеш:

– Жалған ақпарат.

-Келіншегіңіз ренжімей ма?

-Жоқ. Болса ренжиді.

Некелі жарым жоқ,-деп ант су ішкен Тасхан-тегі, ақпарат тараған кезде тиктоктағы толқынға таңғалған.

– Демек әзірге басыңыз бос?

Қанат Тасхан, актер, әзілкеш:

– Иә, жасырып оны не қыламын. Шіли Қайрат Нұртас емеспін ғой.

– Қанаттың басы бос.

-Иә. Бірақ тикток қатты шулады. Мен ондай танымал екенмін деп ойламадым өзімді. Или біздің қазақ өсекке құмар или мен қатты танымалмын.

Қазір желіде рас-өтірігі аралас, өріп жүрген жаңалықтарың негізі – бейнебаян! Бұл «Миллиондық» серінің бізге айтқаны.

Қанат Тасхан, актер, әзілкеш:

– Әй, үйленсем айтамын. Бәріңізге айтамын. Осы НТК-ны шақырып, тойымда кәдімгідей телевидениелер жүріп мен сөйтіп істеймін оны. Жасырып әәә деп...

-Видео қашан шығады сол съемка сериал, кино?

-Алдағы уақытта шығады. Клип қой, клип. «Не жүріс бұл, не жүріс» деген өлең бар ғой. Типа сонда үйленем. Соңында келіншек алып келем. Сондай съемка ғой.