Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
- Алғашқы қазақша стендап концертінде солд-аут. Локация - Аңсаған Садирхановтың жеке кеші.
- Жалпы бүгін не туралы айтасыз?
- Соңғы екі айда сосын осыған дейінгі шықпай жүрген осындай мысльдар бар еді дейтін әзілдер.
Аңсаған бүгінгі кеш пен алдағы үлкен соло турына мықтап әзірленген. Жеке концерт еліміздің 8 ірі қаласы мен Өзбекстан астанасы - Ташкентте жалғасын таппақ. Ол үшін комик әзілдерінің арасынан сиясы кеппеген жаңаларын таңдаған.
Аңсаған Садирханов, стендап-комик:
- 100 адамға, 300 адамға айтқан материалды басқаларға айтуға ұяламын, өйткені сол 100 адамның ішінен екеуі келіп қалса, «ой, мынау алдын болды ғой» деп айтатындықтан сондықтан білмеймін всегда жаңа материал жазуға тырысамын.
Еске салсақ, Аңсаған қазақ тілді стендап-комиктердің арасынан жеке кеш қойып жатқандардың ең алғашқысы.
Аңсаған Садирханов, стендап-комик:
- Сол үшін бастадым, басқа комиктар жасап осы жалпы стендап культурасын толықтай енгізсек. Біріншіден орысшада мүмкіндік көп. Өйткені орысша стендап баяғыдан бері бар да. Орысшада более ашық әңгімелер айтылады. Өйткені олардың менталы сондай, қазақшада айналып келіп 18+ әңгімелерді айту ұятсыздау болып көрінгендіктен, жай-жай, түртіп-түртіп айтасың. Қорқытып алмайын деп.
Бір қызығы концерт форматы -18+!
Аңсаған Садирханов, стендап-комик:
-Дегенде ол просто кешкі оннан кейін 11 ден кейін біздің көрермендер қайта алмас үшін ғана 18+, негізі былай 16-17-дегі оқырмандар келеді.
Садирхановты қолдап әріптестері: Жансая Мұратбекқызы мен Ғалымжан Жанықұлов та келген. Стендаперлер Аңсаған өздеріне ерекше мотитвация сыйлағанын айтады.
Жансая Мұратбекқызы, стендап-комик:
- Қазақ стендабында жүрген кезде ең алғаш кім стендап концертін береді барынша қолымыздан келгенше, ақпараттық былай келіп қолдау көрсетеміз деген болатынбыз. Бүгін бізді Аңсаған басып озды.
-Келесі кезек білмеймін, бірақ мен өзімнің жеке концертіме дайындалып жүрмін. Алла қаласа, келесі жылы деп жоспарлап отырмын.
Ғалымжан Жанықұлов, стендап-комик:
- Сіздерге бұл мотивация, стимул шығар кәдімгідей?
-Иә, белгілі бір деңгейде,әрине. Өзімде енді ой мына күні деп айта алмаймын, кішкене интерестер басқа болып жүр. Тұрмыстық жағдайлардың әсерінен мүмкін осындай болып жатқан шығар. Фокустың жоқтығынан.
-Үйленуге дайындалып жатсыз ба? Не болып жатыр?
- Үйлену де бар, иә. Қыз іздеу керек, үйлену керек, ән айтқым келеді өзімнен өзім.
Үйлену демекші, бойдақтардың басты тақырыбын Садирханов та көтерді. Комик қыздармен танысу барысында қандай кедергілер кездесетінін, оларды шешу жолын ұсынып, келген көрерменді күлкіге қарқ қылды.
Көпшілік арасынан театр және кино актрисасы Бақытгүл Серікованы байқап қалдық. Баконя қазақ тілді стендаптың тұрақты көрермені болып шықты.
Бақытгүл Серікова, актриса:
- Иә, негізі көп келемін. Маған ұнайды осы Аңсағанның номерлары өте қатты ұнайды. Сонымен қатар Жансая мен үшін номер 1, әрине қыз баласы болған соң Жансаяның әзілдері өте қатты өтеді.