Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен жұлдызды тусовкалардың бірінде бой көрсетті. Сәкен Қағаров – танымал мобилограф, тревэл блогер. Бұдан былай қарым - қатынасымызды жасырудың жөні жоқ,-дейді Айжұлдыз.
– Айжұлдыз, алғаш рет сіздің өзіңіздің сүйіктіңізді көрсетіп жатсыз деп айтайыншы...
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- Менің ойымша білмеймін, егер адам өзі бақытқа толса, өзі махаббатқа толса, ол туралы неге айтпасқа неге көрсетпеске?
Қалыңдығымның танымалдығына бой үйреттім,-деген Қағаров та бақытты екенін айтады. Адайбекованың өзі бірнеше құпияның бетін ашты.
- Жан жақтан журналисттер мазалайтынына үйреніп қалдыңыз ба?
Сәкен Қағаров, travel блогер:
– Да, нормально
- Қазір сіздер бірге тұрып жатсыздар, қалай бір- бірлеріңізге үйрену жағы?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- Көп адамдар негізі осы моментте көбісі қате түсінеді негізі, былай айтсақ болады, бізде ортақ үй бар. Өзімнің үйім бар және бұл кісінің өзінің үйі бар, қалаған кезде бірге тұрамыз, қалаған кезде бөлек тұрамыз.
Айжұлдыз, өмірлік жұбын тапса да, интроверт мінезі көбіне жалғыздықты жөн көретінін айтып қалды.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- Екеумізге де жеке пространство керек. Себебі екеуміз де творчествоға толы жанбыз кейде сондай сәттер болады.
- Тойға дайындық жүріп жатыр ма? Қашан болады?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- Тойға дайындық жүріп жатыр, құдай қаласа. Бірақ қай кезде болады, қалай болады оны кешірек өздеріңіз көрерсіздер.
Сәкен Қағаров, travel блогер:
- Красивая классная будет много людей наверное.
Ұлан-асыр той жасаймын деген блогердің қалыңдығы болса, ұзату тойында тек ет-жақындарыммен шектелетінін айтты.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- Мен негізі өзімнің құдай қаласа ұзатуымда тек өзімнің туыстарым, жақындарымды ғана шақырамын. Ешқандай блогер, артист ешкім болмайды
- Ал Айжұлдыз үйде қандай адам?
Сәкен Қағаров, travel блогер:
- Айжұлдыз өте шығармашыл жан. Мейірімді. Көпшілікке тым салмақты көрінсе, үйде бала сияқты ерке.
Сүйіктімнің жанында шынайы Айжұлдызбын деп түйіндеген актриса, тойдан соң жұбымен бірге жаңа жобалар ұсынбақ ниетте.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- Мен сөзбен айтқанды ұнатпаймын, іспен ғана көрсетейін, Алла қаласа.