Кәсіби актер емес! Дулыға Ақмолданың Zheka Fatbelly-ді жақтырмай жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Мажордан Малайға! Дулыға Ақмолда Джека Фатбелиді тәртіпке салмақ. Алайда ол актер ойлағандай оңай шаруа емес екен. Түсірілім алаңындамыз.

- Дулыға аға, сізді соңғы уақытта сұқбатқа ұстау өте қиын.

Дулыға Ақмолда, актер, ҚР Халық әртісі:

  • Қолым тимейді қазір, жұмысым көп. Мен театрда жұмыс істеймін, спектакль ойнаймын гастролім бар қазір. Киносъемкаларда жүремін.

Соңғы уақытта кинопостерлердің барлығында дерлік Ақмолда-тегінің суретін көреміз. Өнер иесінің өзінен сұраныстағы актер болу қалай екендігін сұрадық.

Дулыға Ақмолда, актер, ҚР Халық әртісі:

  • Менің кереметтей актерлығымнан емес ол, бізде Қазақстанда актерлардың жетіспеушілігінен ба деп ойлаймын. Өйткені қазір қарасаңыз, кино өте көп түсіріліп жатыр.

Сондықтан да Дулыға мырза кино әлемінде жарқын бейнелер мен жаңа кәсіби актерлардың көбейгенін қалайды.

  • Кәсіби емес жастар келген кезде қалай тез коннект орнатасыз ба?

Дулыға Ақмолда, актер, ҚР Халық әртісі:

  • Енді кәсіби емес деген нәрсені мен өзі біраз болды менің көтеріп жүргеніме. Оның бір ұтатын жерлері де бар ғой. Кәсіби емес актерлар көбіне-көп табиғи болып келеді.

Халық әртісінің бүгінгі түсірілім алаңындағы әріптесі дәл өзі айтқандай дипломсыз актер. Блогер Жека Фатбелли ТМД-ға танымал «Холоп» фильмінің қазақшаға негізделген «Малай» картинасында бой көрсетпек. Бұл Жеңістің алғашқы басты рөлі.

Zheka Fatbelly, актер, блогер:

- Ресейдегі нұсқасын көргем. Франциядағысының трейлерін көрдім. Бірақ біздікі сәл ерекшелеу болады. Әр жақтағы актерларды қарасаңыз, мысалыға біздің Тәуекел Мүсілім сияқты кісілер ойнайды ғой. Бүйтіп қалған кішкене.

-Бруталдар ма?

-Иә, бруталдар. Ал біз жақта комик ойнап жатыр. Мен ойнаған соң ол өзгереді.

Сюжет желісі бойынша ақшаға құнығып, тәртіпке бағынбай кеткен бай баласын сабасына түсіру үшін, Дулыға Ақмолданың кейіпкері бастаған топ Чина есімді жігітті өткен ғасырға апарады. Фильм продюсері Бексұлтан Қазыбек басты рөлге Жеңісті әдейі таңдағанын айтады.

Бексұлтан Қазыбек, продюсер:

- Чинаға осы кинодағы оған да бір мүмкіндік береді жақсы адам болуға. Шанс береді, тәрбиеленіп күшті адам болып кетуге. Тура солай біз де Жекаға шанс беріп жатырмыз, бірақ күшті адам емес,күшті актер болуға.

Режиссер Ернар Нұрғалиев бұған дейін Ресей, Түркия, Франция, Монғолия елдерінде түсірілген картинаның біздегі ерекшелігі тек басты кейіпкерде емес дейді.

Ернар Нұрғалиев, режиссер:

- Олардың юморлары енді ұятсыздаулау ғой кішкене, біздің менталға жатпайды да. Где то біздің народный юморлар, больше кішкене жесткий юморлар бар менің стилім біледі өзімнің изюмдарымды қостым.

Бұдан бөлек, түсірілім алаңынан актриса Аида Құрманғалиеваны да байқап қалдық. Мона фильмде жылқышы қыздың рөлінде. «Малайдың» арқасында кәсіби шабандоздыққа үйрендім»,- дейді бикеш.

Аида Құрманғалиева, актриса:

- Мені бір аптадай жылқының үстінде профессионалды түрде шауып, кейбір трюктар дейді ғой соларды жасап үйретті.