Актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді! Қалыңдық кім? Той қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:

- Қазақ киносына -1 бойдақ. Дәстүр оны өзге қызға қосса, Түркия Ақбота Нұрмен табыстырды. Ал мен оның экрандағы емес, шын өмірдегі жұбын сіздерге бүгін эксклюзивті түрде бірінші болып таныстырамын. Ендеше орным - төр, локация - Ермек Шынболатвотың үйлену тойы.

- Қобалжып тұрсың ба? Маңызды күн...

Ермек Шынболатов, актер:

  • Өте қатты қобалжып тұрмын, біздің ұзату өткеніне бір апта болды. Бір апта бойы қонақ, той.

- Тойды ұйымдастыру барлығын өзің жасап жатсың ба?

- Өзім, достарым. Ең жақын деген 350 адамды жинадым. Осы сезон не жұмыс істедім бәрі осы жаққа кетіп жатты ғой.

- Әлеуметтік желіде шулап жатқан нәрсе, ол сенің Ақбота-Нұрмен бір сахналарың, иә?

- Ол қызға дейін болған съемка ғой.

- Иә, бірақ неге тоймен бірге сәйкес болып қалды?

- Өйткені фильмнің шығуы осы октябрьдің оны күні.

Ермек Шынболатов, актер:

- Әрине оңай емес, қиын. Қызғанады, анау-мынау бірақ өз арамызда ғой бәрі. Жақсы көрген адамдар бәрін жеңеді.

Ермектің кинодағы әріптесі Мағжан Нұрғали бұл пиар досының карьерасына пайдасын тигізбесе, аса кедергі еместігіне сенімді.

Мағжан Нұрғали, актер:

- Ақбота өзі бар ма тойда?

-Тойда жоқ. Келіншекке ыңғайсыз болатын болды-ау.

-Қазір ойлап тұрмын ледтан берсек па деп сол видеоны деп. Ескертті ғой, түсінеді ғой Ермекті.

Шын сүйген жеңеді демекші, Ермектің мың сұлудың арасынан таңдағаны – Шымкенттік Гүлбала есімді ару. Актер әлеуметтік желіде танысып, 7 айға жуық қашықтан кездесіп жүрген.

Ермек Шынболатов, актер:

- Он бес күнде бір выходнойға билет алам да ұшып барам. Сөйтіп 1-2 күн жүреміз қайта ұшып кетемін. Солай жүріп, бас-аяғы 17 рет кездестік қой үйленердің алдында.

- Мәссаған қалай баулап алдың 17 күнде?

- Ол мені баурап алды. Білмеймін көрдім, көзім көрді жүрегім сезді, бірден ғашық болдым, болды ғой.

Мағжан Нұрғали, актер:

- Біз Турцияда жүрген кезде екеуі по телефону сөйлесетін ұйқы бермей таңға дейін. Көзі ісіп съемкада жүретін екеуі ұрысатын түнде.

18-ден енді асқан ғашығын жар ету актерға оңай болмаған. Гүлбаланың ата-анасы әуелде қарсылық танытқан көрінеді. Оңтүстіктің барлық жөн-жоралғыларын жасап, салт бойынша ұзатып алдым дейді өзі.

Ермек Шынболатов, актер:

- Шымкенттің қалыңмалы өте көп екенін білемін, қанша төледің?

- Айту керек па оны?

- Айтсайшы?

- Короче, анау-мынауымен бәрін қосқанда 4 млн бердім ғой

Төрге жайғасқан құрметті қонақтар қатарында Ермектің өнердегі әріптес-достары да болды. Олардың арасынан блогер Елдос Колобок пен әнші Әбдіжаппар Әлқожаны байқап қалдық. Жігіттер Шынболатовтың құдайы көршілері болып шықты.

Елдос Қадырханов, блогер:

- Вообще-то келінге повезло осындай әулетке келін боп түсіп жатыр. Көршілерімді білесің ғой. Әбдіжаппар бар, Коко Джамбо, Мадияр Серікбаев, бәріміз бір сол домда.

«Ермектің өзімен емес, ата-анасымен араласамын» деген Колобок жұлдызды көршісін тек «Дәстүр» фильмінен соң ғана таныған екен. Сондықтан да болар салтанатты шараны тізгіндеу актер, тележүргізуші Нұржан Аташқа бұйырған.

Елдос Қадырханов, блогер:

-Енді біз жүргізбегеннің өзінде де тойда қызметтеміз. Келген көпшіліктің көңілін табу, көршілер делегациясы болып тойды көтеру, ойын сауық құру, билеу терлеу, дастарқанды ысырап қылмай бәрін жеп тауысып кету, сарқыт алып кету.

-Маған бір пакет сарқыт.

-Қазір алып шығайын ба?

- Жастар бақытты, дәстүр бойынша келесі локация шілдехана тойы болсын.