Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
– Блогер, актриса, продюсер, интервюьер, инфлюенсер. Ең басты профессиясы - ана. Ол жанға қарап, қазіргі замануи мамалардың айқын бейнесін қалыптастыруға болады. Мамалардың мотиваторы Айнұр Ильясова бүгін 39 жасқа толып жатыр. Туған күн тусовкасындамыз.
Қонақтар жиналған сәтте ғимаратта жарық сөніп, жұртты сергелдеңге, туған күн иесін сары уайымға салды. Айнұр тіпті бізге сұқбат беруге де дайын еместігін жеткізді. Десе де, 1 сағаттай далада кідіріп қалған құрбылар ештеңеге қарамастан фотоға түсіп, Ілиясованың көңіл-күйін барынша көтеруге тырысты.
Көп ұзамай жарық қосылып, нағыз алқызыл тусовка басталды.
Арқасынан жүк түскендей жеңілдеген актриса: жүрегім тоқтап қалардай болды,-деп ағынан жарылды. Қала берді, оңтайлы сәтті орайлы пайдаланған ол, жаңалықтарымен бөлісті.
Айнұр Ілиясова, актриса, продюсер, блогер:
Қазір жаңа жобаны түсірдік, сол да жарыққа шықпақ, соның барлығын қосып бір ивент жасағым келді.
- Жаңа туған күн алдында кішкене қобалжу болды, иә? Басылды ма?
Айнұр Ілиясова, актриса, продюсер, блогер:
- Иә, біраз қобалжу болды, өйткені свет болмай қалды өзің көрдің осыны. Жарықсыз біртүрлі екен, бірақ жарықты берді. Елдің бәрі у-шу етіп.
Кеш дресс-коды – алқызыл түсті киімдер.
- Барлығымызды осы түске киіндірі, бірақ өзіңіз ақ киімде бір келіншек образында тұрсыз, не себепті?
Айнұр Ілиясова, актриса, продюсер, блогер:
- Енді мен кішкене бөлек болуым керек қой. Бұл «Аруназ», әдейі арнайы тіктірткенмін. 5 күннің ішінде осыны тігіп берді.
Дресс-кодқа сәйкес киінгендер қатарында арулар ғана емес, серілер де болды. Мәселен, Тәуекел Мүсілім алқызыл жейдемен көзге түссе, Айжұлдыз Адайбекованың ғашығы, блогер Сәкен Кагаров күлгін түсті бомбер киген.
Бірге келгендеріңізге қарағанда екеуіңіз де араласасыздар, иә?
Айжұлдыз Адайбекова, блогер:
- Мен Айнұрды бұрыннан білем, себебі подкастқа мамаский әңгімеге бардым. Ал Сәкен бүгін бірінші рет танысады, бұйырса.
Роза Әшірбаева, коуч-эксперт:
- Маған қиын болды, мен көбіне қара түсті киімдер киемін. Жалғыз көйлегім бар еді гардеробымда бір ғана съемкаға киген, соны киіп келдім.
Айнұр кеш барысында қонақтарын түрлі номинациялармен марапаттады. Тәуекел Мүсілімнің келіншегі «Қарбыз жеп, тұрмысқа шықты» номинациясын алса, Сая Оразғалиеваға мынадай мүсінше берілді:
Сая Оразғалиева, актриса, блогер:
- Ликбез по лучшим уходам деді ма?
- Бұрынғы күйеуді керемет тастап кеткеніңіз үшін ба?
- Солай шығар. Біз жерлеспіз, шығыс қазақстаннан боламыз.
- Ал туған күн иесіне не сыйлайсыз немесе сыйлап қойдыңыз?
- Гүл сыйладым при чем упаковкасыз, өйткені біздің Айнурамыз экофрендли.
Ал сыйлық беруге жаны құмар Әсел Асқар: иіс су сыйлаудан шебермін,- дейді.
Әсел Асқар, актриса, блогер:
- Мен анандай Арабстаннан келген парфюм, саудовская арабиядан келген парфюм. Оған ұнайды деп ойлаймын.
40-қа бір қадам жақындаған Ілиясова өзіне жыл сайын емес әр күн есеп беруді әдетке айналдырған. 39 жасыма дейін жеткен жетістігім жұбайым мен балаларымның, жақындарымның қолдауы дейді ол. Жаны жомарт жарынан Айнұр биыл сыйлықты өзі сұрап алыпты.
Айнұр Ілиясова, актриса, продюсер, блогер:
- Осы жолы мен айттым маған сумка бер дедім,
- Қандай бренд?
- Маған бір әдемі күшті сумка болса деп едім, сен өзің ала қой мінекей ақшасы деді. Мен диордың сумкасын алайын деп едім хит боп жатқан.