Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Альмира Тұрсын ақ келін атанды! Күйеу жігіт те осал емес. Білдей – Дәстен Шәкіров! Ақан Сатаев таспалаған «Моя половина» романтикалық комедиясының жарнамалық компаниясы осы бағытта жасалып жатыр. Бұған сенгендер де бар. Қазір бәрін ашып айтамын.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Соңғы кездері контентіңіз өзгеріп кетті ғой, той көйлегі, неке қию салтанаты. Оның барлығы шынайы өмірде болып жатыр ма әлде фильмнің пиар қадамы ма?
- Енді шынымен айтсам бәрі ол пиар. Пиар. Кәдімгідей мені күйеуге шығарып, тойды ойнап дегендей. Себебі біз фильмде уже жұп болып ойнаймыз. Ал бізде свадьба болған жоқ.
Актриса аталмыш романтикалық комедияның сценарийіне атсалысып, дәл осылай жарнама жасайық деп идея тастаған.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Біріншіден біз ең үлкен сондай проблеманы көтердік. Мысалы мен өзім ажырастым, ол енді үлкен проблема деп санаймыз. Біз өз фильмімізде сол проблеманы ойлап күліп көрсеттік.
- Ал тұрмысқа шығып үлгердіңіз ба екінші рет?
- Ол енді секрет, құпия.
Ажырасу тақырыбында фильм таспалау идеясы Альмира Тұрсынға тиесілі. Актриса ақпарат беттеріне шыққан жаңалықтан соң қоғамдағы өзекті мәселені қозғайық деп Ақан Сатаевқа ұсыныс білдірген.
Ақан Сатаев, режиссер:
- Біздің киномыз махаббат туралы. Жанұяның құндылықтарын бағалау. Бұл жағдайда тәжірибем бар, сондықтан бұл жоба мен үшін өте маңызды. Өз тәжіриебеме сүйене отырып жаңағы сценарий жаздым.
Гайдар Гильманов, актер, кинопродюсер:
– Ажырасу жағынан біздің елдің көрсеткіші өршіп тұр. Бұл фильм ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілікті азайтуға, проблемаға сырт көзден қарауға мүмкіндік береді. Сценарий өмірден алынған.
Сюжет желісі 2 бас кейіпкер, бар-жоғы 10 шақты актермен өрбитін картина бір ғана локацияда таспаланған. Ақан Сатаев алғаш рет осындай тәжірбие жасап көрдім деп отыр. Тіпті картинада ешкімнің аты аталмайды. Мақсат – актер арқылы көрермен өзін көрсе дейді авторлар.
Ақан Сатаев, режиссер:
- «Моя половина» тек бір ғана локацияда таспаланыпты, қалай ойлайсыз көрерменнің іші пысып кетпей ма?
- Режиссер ретінде өте қызық сондай вызов болды. Әрі кетсе 10 шақты актермен 17 күнде осы жобаны түсіріп шықты.
Альмираның фильмдегі күйеуі – Дастен Шәкіров. Еске салсақ, актер әлі күнге дейін өзінің шынайы отбасын жасырып келеді.
Дастен Шәкіров, актер:
- Соңғы 10 жылда отау құрған азаматсыз, бірақ жанұяыңызды барынша құпия ұстайсыз. Оған не себеп?
- Неге құпияда ұстаймын ба? Ол да құпия негізі. Мен көбінесе «Счастья любит тишину» деп жазамын.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Ал шынайы өмірде кикілжіңді қалай шешесіз, хайфхактар бар ма?
- Мен психолог ретінде бірнеше сондай кеңестерімді бере аламын. Біріншіден ол әрине сөйлесу.
Дастен Шәкіров, актер:
- Отбасындағы кикілжіңді ақылмен шешу керек, сабырлықмен шешу керек. Қызбаға берілмеу керек.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Мен мысалы 18 жыл болды ғой әлі бір-бірімізге әлі көп үйретеріміз көп, сондықтан да, век учись век живи дейді ғой. Мәмілеге келіп, диалог болмаған жағдайда ол осылай болады. Бір-бірінің амибициясы, эгосы бір-біріне уступка жасамай, дес бермейді.