Бұл әнді де, телехикаяны да білмейтін адам кемде кем. 32 жыл бұрын көрермен құлағына сіңген композицияның орындаушылары 20 жылдық үзілістен соң қайта бас қосты.
«Овощи & Фрукты» тобы:
- 20 жылдық үзілістен соң қосылып отырмыз. 4 жыл болды қайта жиналғанымызға, сондықтан уайым бар, қалай болар екен деген қобалжу басым.
Десе де дәл қазіргі жаңа леп, өзге амплуадағы ынта ұжымға ұнауда. Ең қызығы, көпшілік топ карантинде тараса, «Овощи. Фрукты» керісінше пандемияда қайта жаңғырған.
«Овощи & Фрукты» тобы:
- Карантинде негізі қолымыздың босағаны рас. Шығармашылыққа шабыт та оянды. Әуелі әркім өз үйінде репетиция өткізіп, көп ұзамай бас қосып, көрерменсіз онлайн концерттерге ұласты.
«Перекресток» әні біздің паспортымыз ғана емес, нантабар туындымыз да дейді топ.
«Овощи & Фрукты» тобы:
- Инстаграмда топтың парақшасы бар. Перекресток оф деп аталады. Өйткені бұл ән бізді көпке таныстырған туынды. Тиктокқа да солай тіркелдік. Шығармашылығымыздан үзінділер жариялап отырамыз.
ЗКТ: Ұжым ескі әндермен шектеліп қалмақ емес. 50-ді алқымдасақ та, үнемі ізденістеміз деген олар, жаңа жылға дейін бірнеше әннің тұсауын кеспек. Ал бүгін ностальгияға толы кеш сыйлап, тыңдарманды сонау 2000 жылдарға қайта оралтты.