Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
– «Канн», «Венеция» және «Берлинале» сынды «А» санатты халықаралық кинофестивальдерде тұсауы кесіліп, шетелдік киносыншылардың оң бағасын алған фильм бүгін елімізде көрсетіледі. Ол - Қазақстан мен Түркия бірігіп таспалаған «София» лентасы.
«София» - елінен жырақта жүрген эмигрант жайлы. Отанынан қашықта өмір сүріп жатқанда, бейтаныс қызды ажалдан аман алып қалады. Соңыра оған ғашық болады. Адамгершілік мен сүйіспеншілікті суреттейтін картина Қара теңіз жағалауы мен Қазақстанда таспаланған. Басты рөлде – Төлепберген Байсақалов. Жоба сондай-ақ, актердың алғашқы режиссерлық жұмысы.
Төлепберген Байсақалов, актер, режиссер:
-Толықметрдегі дебютыңыз құтты болсын!
-Оңай емес, шынымды айту керек, тем более бірге актерлық, режиссерлық бірге жасағанда оңай емес.
-Бірден халықаралық жоба болды, ауқымды түсірілім қалай болды?
- Құдайға шүкір, жақсы дайындалдық Қазақстанда. Сол съемка Түркияда болды 20 күн. Қазақстанда 4 күн болған. :
- Идея сізге тиесілі екен, қайдан келді ол?
- Идея өмірден алынған нәрсе ғой ол.
«София» мелодрамасы отандық көрерменге жол тартпай тұрып, әлемге таныстырылған-ды. Мәселен, қыркүйектің басында өткен 81-шы «Венециялық халықаралық кинофестивальде, қала берді 77-шы Канн бәйгесінде тұсауы кесілді.
Яна Рай, актриса, продюсер:
– Фильмді әлемдік кинонарыққа алып шықтық, бірақ ол авторлық нұсқасы, ал Қазақстанда коммерциялық бағыты ұсынылып отыр.
Төлепберген Байсақалов, актер, режиссер:
- Халықаралық фестивальдерде шымылдығын түрді кино, сол жақтарға бардыңыз ба?
- Мен өзім барған жоқпын да, бірақ картинаны апарған.
Яна Рай, актриса, продюсер:
- Яна бұл фильмде басты актриса ғана емес, бас продюсер.
– Көптен күткен жобаларымыздың бірі. Бұл фильм үшін ұзақ уақыт тынбай еңбек еттік. Кішкентай баламызды тәй-тәйлатып жатқан сияқты сезімдеміз.
- Ал неге Түркия елін таңдадыңыздар?
– 10 жылдан астам уақыт Түркияда тұрамын.
Дарья Дунич, режиссер:
– Түсірілім командасының тек жартысы дебютанттар. Мәселен, менің қоюшы режиссер ретінде алғашқы тәжіриебем. Төлепберген ағамыздың да толықметрдегі алғашқы жұмысы. Техникалық ақаулар болмаса бәрі тамаша өтті.
Десе де, әлемдік нарыққа шыққан команданың жетістігіне сенбейтіндер де табылды. Соның бірі – режиссёр және продюсер Александр Роднянский. Киногер «бір фильмнің барлық фестивальдерде қатар көрсетілуі мүмкін емес, олар бізді алдап жүр» деп пост жазған болатын.
Дарья Дунич, екінші режиссер:
-Шынымды айтсам хейт маған ауыр соғып жатыр. Десе де, қара пиардың өзі бізге пайда алып келуі мүмкін. Барынша тек жақсы жағынан ойлауға тырысып жүрмін.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Біріншіден ол әдемі көріністер, әдемі локациялар, Түркияда да түсірген. Екіншіден маған ұнаған адамгершілікті көрсетті, адамның қарым-қатынасы, достық дегендей. Кейбір кезде күлдік те жыладық та.
Олжас Тоғымбет, актер, каскадер:
- Көбінесе маған операторлық жұмысы ұнады, өте мықты. Свет болсын, анау кәдімгідей анау табиғаттың сәулесімен түсірілген көп нәрсенің барлығы ұнады. Сезіндім, махаббат та бар, достық та бар, мынау біздің дәстүрімізді сол енгізгені маған сол жағы ұнады.