- Неге аферист болып жүрсіз?
Құмар Лұқманов, актер:
– Жоқ, тоқтаңыз, біріншіден, мен емес, Толик деген жігіт. Оның аты Төлеген болады.
Лұқманов айтқан картина «Аруақ және Аферист» комедиясы. Режиссер Равиль Трумов актерға рөл ұсынғанда – «кейіпкерімнен өзімнің аузымды айға қаратып кеткен жанды көргендей болдым»,- дейді Құмар.
Құмар Лұқманов, актер:
- Тур путевка ғой, турестическая путевка Турция ғой сол баяғы. Енді біз алданған кезде 20 адам бір-ақ түсіп қалған ғой. Уже самолетқа билет алған кезде ондай оказывается самолетқа билет те жоқ екен, гостиница да жоқ екен. Сонда ғана білдік.
Сюжет желісі бойынша алаяқтықпен күн көретін Толик бір күні құрбанының қарғысына ұшырайды. Нәтижесінде отбасы ойран болып, жиған-тергенінен айырылады. Әйелінің рөлінде – Гүлнар Селбаева.
- Бұл алғашқы жұп болып ойнаған тандем ба?
Құмар Лұқманов, актер:
- Кинода бірінші рет, кинода бірінші ойнаған екеуміз бірге ойнап жатырмыз. - Ниче екен, нормально.
-Жақсы ойнап қоя ма екен әйеліңізді?
-Жақсы ойнап қояды екен. Болады.
- Кім ол? Кеттік үйге. Жарайды, сау болыңыз!
Гүлнар Селбаева, актриса:
- Мен Құмарды досым ретінде бұрыннан жақсы көремін. Фильмде бәрін алдайтын адам рөлінде болғанымен, өмірде мен танитын ең адал адам.
Гүлнар да Құмар секілді сан соғып қалғанын жасырмады. Алайда, оны әккі алаяқтар емес, жанындағы жақын достары алдап кеткен.
- Қалай алдады ақшаға ма?
-Ақшаға, да болды.
-Оны қайтара алмадыңыз ба?
- До сих пор ничего не отдали так что садақа болсын дедім. И сейчас вы где, а я где? Біздің халықта ұят это такие көп күлме, там да громко не смейся, по моему нужно сделать так что ұят было это воровать и вот подобные вещи.
Ең қызығы, картинаның түсірілімі 3 жыл бұрын басталған. Құмардың баласын, өзінің тұңғышы Ануар сомдайды.
- Сіздің дебютіңіз екен, шақыртуды кімнен алдыңыз?
Ануар Алиев, Қ. Лұқмановтың ұлы, актер:
- Иә, дебют ұнады. Негізі шақырған бірінші папам, конечно.
Картинада басты кейіпкердің көңілдесін Салтанат Құдайбергенова сомдайды. Актриса үшін кейбір ашық сахналары аса қиындықпен өткен.
- Құмар емес, нағыз аферист сіз екенсіз...
Салтанат Құдайбергенова, актриса:
- Мен тіпті киімдеріме де қатты придираться еттім.