«Тұлпар» Ұлттық премиясы киногерлер арасынан үздіктерін анықтады

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тұлпар» IV ұлттық сыйлығы араға бірнеше жыл үзіліс салып қайта жанданды. Киногерлер арасынан кіл мықтыларды анықтайтын премия биыл қызыл кілем жайып актер, режиссерлардың басын біріктірді.

Рашид Нұғманов, Қазақстан ұлттық кино академиясының президенті

- «Тұлпар» ерекше премия. Себебі жеңімпаздарды 4-5 адамнан құралған қазылар алқасы таңдамайды. Тамызда құрылған альянс мүшелері жасырын дауыс беру арқылы анықтайды. Біз әлем бойынша кинофестивальдерде бақ сынап келген картиналардың арасынан үзідігін таңдаймыз.

«Тұлпар 2024» премиясына биыл 59 картина өтініш білдірген. Кинобәйге 9 номинация бойынша үздіктерді саралайды. Мақсат – халықаралық «А» санатты кинофестивальдерге қатысып жүлделі болған ленталар арасынан «Оскар»-ға лайықтысын таңдап алу.

 

Берік Айтжанов «Дала қасқыры» драмасымен «Үздік актер» атанса, дәл осы фильмді таспалаған Әділхан Ержанов «Үздік режиссер» деп танылды. Тіпті «Үздік оператор» жүлдесі де аталмыш лентаның таспагері Еркінбек Пітіралиевке тиесілі.

 

Үздік фильм – «Бауырына салу»! Режиссер Асхат Кучинчерековтың драмасы – салт-дәстүрге сай ата-апасының тәрбиесіне берілген тұңғыш немеренің күйзелісі жайлы.

Асхат Кучинчереков, режиссер

- Фильм бір жыл бұрын шыққан фильм Сан-Себастян фестивальінде «А» классы фестивальінде қатысты. Содан бері 15-16 приз алдық. Енді Қазақстанда алған приз мынау енді өте ыстық болады, мен үшін өте маңызды.

Сан-Себастьянда тұсауы кесілген лента Австралияда өткен «Asia Pacific Screen Awards» кинофестивалінде «Ең үздік жастар фильмі» сыйлығын да иеленген-ді. Жүлдеден бұрын көрерменнің эмоциясы маңызды, - дейді режиссер.

Асхат Кучинчереков, режиссер

-Сан-Пауло Бралияда бізде премьера болды сол фестивальде сол кезде бір әйел келіп сол португалша сөйлейді ғой, ағылшынша білмейді екен ол, екеміз тұрдық та бір-бірімізге қарап жылап тұрдық. Енді ана көзді ешкім ойнап бере алмайды.

Карим Қадырбаев, киносыншы

– «Бауырына салу» менің ойымша ұлттық кино. Сондықтан американдық киноакадемия түсіне бермейтін менталитет көп болуы мүмкін. Бірақ біздің кино шетелдіктер үшін экзотика. Фильмнің мәніне ғана емес, бағытына да көңіл бөлсе екен деймін.

2019-2023 жылдар аралығында жарық көрген туындылар арасында да кіл мықтылар сараланды. «Үздік фильм» Баян Алагөзованың «Бақыт» драмасы. Туындыда басты рөлде ойнаған Лаура Мырзахмет – «Үздік актриса» трофейін иеленді.

«Тұлпарда» тартысқа түскен фильмдер арасында дебютант режиссерлар да бар. Мәселен, «Ағайынды» драмасының режиссеры, 3 номинация бойынша бақ сынағанымен, ешқайсынан жүлде жеңбеді.

Дархан Төлегенов, режиссер

– Шынымды айтсам жүлде жайлы ойламадым да. «Үздік фильм», «Үздік режиисер» және бас кейіпкер Айбар Салы «Үздік актер» номнациясынан үмітті болғанының өзі маған жеңіс. Менімен қатар тұрған картиналар мен режиссерлар кезінде менің кумирлерім еді.

Карим Қадырбаев, киносыншы

– «Ағайынды» картинасының жүлде алмағаны мені қатты қынжылтты. Дегенмен режиисер Дархан Төлегеновтың дебюттық жұмысы үшін, бүгінгі «Тұлпар»-ға кірудің өзі жеңіс деп ойлаймын.

Жеңіске жеткен «Бауырына салу» лентасы «Оскар» марапатына жолдама алып, лонг-тізімге ұсынылмақ.

Асхат Кучинчереков, режиссер

- Менің ойымша біз тоғыздыққа кіреміз бестікке енді Алланың қолында қалай болады екен.