Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ол миллиондаған қыздың кометасы. 20 минутта хит жаза алатын әртіс. Бүгін Джахид Гусейнлидің кешіндеміз десем сәл түсініксіздеу болып қалады иә? Jony-дің концертіндеміз.
Астана, Шымкенттен бастау алған гастролдік сапардың соңғы нүктесі – Алматы болды. 10 мың адам. Солд аут. Кеш қонақтары ат арытып түрлі қалалардан келген. Армандары: Jony-дің тректеріне тербетілу.
ТМД-ға танымал Adam-ды да кештен көріп қалдық. Жас та болса, аудиоторияны иіріп әкететін мықтылығы бар екен,-дейді.
– Jony-дің Алматыдағы концертінде өзің болып жатырсың. Көріп жатырсың. Әртістен үйренетін нәрсе бар ма екен?
Adam, әнші:
– Әрине бар. Негізі адам деген әрдайым бір бірінен үйренеді ғой бәрін. Қарап отырмыз. Бұл да біз үшін шабыт. Әндері жақсы. Энергетикасы мықты.
Тұрар Ыдырыс Jony-мен бес жылдан бері таныс. Тіпті Джахид, Тұрарға әлдебір ұсыныс та айтқан екен.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Jony-дің концертіне үшінші рет кеп тұрмын ғой деймін. Баяғыда әнші болмай тұрып, 2019-да мен күтіп алуға барғам бұларды. Сол кезде айтқан маған: брат, пой на русском пожалуйста,-деп. Мен айтқам орысша сөйлей алмаймын деп. Сондықтан құрдас қой, құрдас.
- Араласасың?
- Енді араласам деп айтпай-ақ қояйын. Бір-екі рет бір жерлерде отырғаным бар. Дастархандас болған.
Сахнада тұрып, көрерменімен сөйлескен әртіс, басынан өткерген оқиғасымен бөлісті.
Jony, әнші:
- Өмірімде достарымның көбі сүйіктісімен ажырасып, айырылысып кеткен кезең болды. Кейін олардың күйзеліске түскенін көрдім. Санаң түсінгенімен, жүрек жібермейтінін білем. Намыс та бар... Сол бір сәттерде «Титры» деген трегім шыққан еді.
Jony-мен жеке сұқбаттасудың реті келмеді. Себеп: әншіні айнала қоршаған күзет, сахнадан түсе сала көлікке салып жөнелді.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Қазақстанның үш бірдей алып шаһарларында концерт қойып, солдаут жасаған Jonу-дің әнсапары әрмен қарай Еуропа елдерінде жалғасады.