Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
Дәстүрден таймастан алматылықтар Пикник бай партнерсте жиналып жатыр! Оупен эйрде бұл жолы аты аңызға айналған Quest Pistols тобының өзі хэдлайнер болмақ. Ал шоу-биз өкілдері арасынан мұнда кімдер бар? Бірге көрейік.
Жасыл желек, ашық аспан, көңілді музыка мен ерекше ойын-сауық бағдараламасы! Пикник by Partners-тің дәл осындай ерекше атмосфера сыйлап келе жатқанына 10-жыл. Вайбы бөлек шара соңғы кездері Алматы ғана емес, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларында да ұйымдастырылып жүр.
Мәди Рымбаев, әнші:
– Мәди, көңіл-күйіңіз қалай? Жалпы атмосфера ұнап жатыр ма?
– Иә, бәрі керемет. Суық болмаса тек. Жыл сайын келем. Осымен үшінші ме, төртінші ме рет келіп тұрмын.
– Ал өзіңізде шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр. Бөлісе кетсеңіз?
– Менде трек шықты. Тректің аты «Сұлу айдан». Өте жылы, махаббатқа толы ән.
ШВ: Пикник кадры
Шығармашылықтағы қызу жұмыстарына қарамастан, бәрін ысырып фестивалге қонақ болғанның бірі – bip.house-тық Диас Алпысбаев. Еске салсақ, блогер Оңтүстік Кореядан келген.
Диас Алпысбаев, блогер, «bip.house» ұжымының мүшесі:
- Оңтүстік Кореның туризм басқармасы мені блогер ретінде арнайы шақырған болатын. Болашақта жаңа жобалар жасалады. Күз келіп, қызу жұмыс басталды. Айтпақшы сериалға түсемін, жаңа тректер дайындап жатырмын.
Оупен-эйрге бұл күні 20 мыңнан аса халық жиналды. Тіпті, ауа-райының салқындығы да келушілерге кедергі болмады. Шара меймандарының арасынан Ержан Мұқатаевты да байқап қалдық.
Көңіл-күй қалай? Кіммен жүрсін мұнда? Жұмыс қайда?
Ержан Мұқатаев, тележүргізуші, актер, блогер:
– Сәлем, сәлем, сәлем НТК! Біз Пикник by Partners-те жүрміз, достарыммен келдім. Олар адасып жүр мына жерде, пловқа чередьте тұр. Сол Quest Pistols күтіп тұрмыз плов жеп. Әр әндерін білемін, фанатымын. Қазір тыңдап, билеп, билейміз бұйыртса.
Көп ұзамай, шараның хэдлайнерлері - Украиналық Quest Pistols тобы
де сахнаға шықты.
Әйгілі ұжым 2000 -2010 жылдары хит болған тректерін шырқап, тыңдарманға әндерімен өткен шаққа оралуға мүмкіндік сыйлады.