Шәріп Серіктің қыз алып қашамын деп басы бәлеге қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:

- Асаба Шакенти қыз алып қашты. Ойындағысы жүзеге аспаған ол енді қуғыншылардан жасырынуға мәжбүр. Айқай-шу неден басталды дәл қазір рет-ретімен айтамын. Премьерадамыз.

Қызыл кілемнің жұлдызына айналған Шәріп Серік бүгін жалғыз емес. Анасы мен сүйіктісі қолдай келген. Алайда беташарға емес, тұсаукесерге.

Гүлнар Мұратқызы, Ш. Серіктің анасы:

- Өте мақтанамын ұлыммен. Бар жағынан.

- Үнемі қасында қолдап жүресіз, үйреніп жатсыз ба Шакентидің осындай жұмысына?

Әлия Бутеева, Ш. Серіктің сүйіктісі:

- Мен Шәріпті мақтан тұтамын. Еңбегі бағалана берсін. Мен үшін ол нағыз жұлдыз.

- Сізді бірақ өте қызғаншақ дейді?

– Жоқ, қызғанбадым. Но это правда я очень ревнивая.

Әлияның бұл жолы қызғанышқа бой алдырмауына себеп – актердың сахнадағы серігі сұлу ару емес, Саят Мақұлбаев. Сондықтан да бикеш алдағы уақытта ашық сахналары бар жобалар болса, қиындық туындайтынын ашып айтты.

Әлия Бутеева, Ш. Серіктің сүйіктісі:

-Шако ашық сахналарға түсер болса, оны бірге ақылдасып шешеміз. Әзірге бірдеңе деу қиын.

Елордалық режиссер Дәулет Ислямовтың тырнақалды туындысы асаба мен музыкант жігіттердің қыз алып қашып, соңы нағыз шуға айналғанын көрсетеді. Басты рөлдердің бірін сомдайтын Шакенти, қыз алып қашудан тәжірибесі мол екенін мойындады.

Шәріп Серік, актер:

- Мен өмірімде төрт рет алып қаштым. Достарыма көмектестім.

-Ешкім ажырасып кеткен жоқ па?

-Жоқ. Сто процентая гарантия берем, егер Шакенти алып қашса келін судай сіңіп, тастай батады.

- Сіздің де асабалықпен айналысатыныңызды білемін...

Саят Мақұлбаев, актер:

-- Бұл бір жақсы реклама болды.

Ең қызығы, фильм сценариін Шәріптің өзі түсірілімге бір күн қалғанда түбегейлі өзгерткен. Тіпті лентадағы әріптесі Саятты да рөлге ұсынған өзі болып шықты. Оған себеп - Мақұлбаевтың орнына бекітілген актер, түсірілімге бір күн қалғанда себепсіз рөлден бас тартқан.

Саят Мақұлбаев, актер:

– Негізі менің орнымда басқа біреу болған, Шәріп маған дейін бір күн бұрын читкаға отырған, сөйтіп қарап отырып, аяқ астынан мені бекітті.

Шәріп Серік, актер:

- Мен енді кинода болғанннан кейін өзімнің кішігірім көзқарасым болды. Жақсы, ұнаған жоқ.

-Енді нәтиже ұнады ма?

-Астанада премьерада көрдім. Шыны керек, көңілімде қалды. Жақсы кино болып шықты

Бұдан бөлек, Шакенти фильмнің режиссерлығына да етене араласқанын ашып айтты. Мұнысын актер, команданың тәжірибесі аздығымен түсіндірді.

Шәріп Серік, актер:

- Енді әр департаментке кірісіп, «мынаны бүйтіңдер, мынау дұрыс емес, камераны бүйтіп ұстама, бүйтіп ұста» деп ондай болған жоқ.

Сондай-ақ картинада Назар Шархан, Нұржан Садыбаев бой көрсетеді. Алайда олар түсірілім алдындағы айқай-шудан хабарсыз болып шықты.

Назар Шархан, актер:

-Бірден площадкаға келдім. Бір күн болып площадканы көріп, ертесіне сьемка бастап кеттік.

Кемеңгер Оралов, актер:

- Бұл фильмде бәрі бір жерде, бір локацияда. Интересный фильм екен, диалогтары қызық екен.

Шәріп Серіктің нұсқасындағы «Айқай-шу» лентасы қаншалықты ұтымды шыққанын, уақыт пен касса көрсетеді.