Қарт каспидің жағасында түсірілген «Теңіз түсті махаббат» телехикаясы не жайлы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алдияр Қуанышев пен Аделина Ералиева бұған дейін де түсірілім алаңында әріптес болған. Сондықтан да бұл жобада коннект орнату, жұпқа айналу екеуіне еш қиындық тудырмаған.

Аделина Ералиева, актриса:

- Өйткені бізде красочный болды, әдемі көп локация болды. Киімдеріміз образдарымыз өте ашық түсті. Әртүрлі түстерде болды. Сол себепті көбісі ойлап жатыр дорама деп кәдімгідей. Няшный деп қояды.

Алдияр Қуанышев, актер:

- Негізі Атыраудікімін. Алматыда тұрғаныма 5-6 жыл болып қалған шығар. Сол кішкене батыстың диалектінен алыстадым негізі. И осы сериалға түскенде кәдімігідей вспомнил все свои былие времена.

Телехикая туризм саласында қызмет ететін Ада есімді бизнесвуменнің Маңғыстауға аттануымен басталады. Қарт Каспидің жағасында қонақ үй салуды діттеген аруды жергілікті Аңсар есімді жігіт күтіп алады. Әуелде бір-бірін жақтырмайды. Батыс өңірінің сұлулығымен танысу барысында орталарында ыстық сезім ояна бастайды.

Аделина Ералиева, актриса:

- Ақтауда мен мүлдем негізі оңтүстіктің қызымын Тараз қаласының қызы. Батыс жайлы мүлдем ойламағанын. Енді проектім батыста болған соң батысқа барып ең әдемі жерлерді көрдім. Қазақстанда мұндай әдемі жерлер бар деп ойлаған жоқпын шынымды айтсам.

Режиссер Асхат Мұсабай сериал арқылы Маңғыстаудың асқан сұлу табиғатын көрсетуге тырыстым дейді. Сондай-ақ, ол еліміздің туризм саласын дамытуға жоба мол үлес қосатынына сенімді

Асхат Мұсабай, режиссер:

- Көрерменге сол мүмкіндікті сыйлағымыз келді, әдемі табиғатын әдемі персонажбен саяхаттай жүріп, қызықты оқиғамен сериал қылып шығарғымыз келді.

Сондай-ақ, сериалда көпшілікке тикток арқылы танылған актриса Аружан Мәмбетәлі де бой көрсетеді. Бикеш жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Сондықтан да кейіпкерінің ашық сүйісу сахналарын амалсыз ойнауға тура келді дейді.

Аружан Мәмбетәлі, актриса:

- Оның бәріне дайын бола білу керек, сондықтан в дальнейшем сондай предложение түсіп жатса, типа поцелуй деген сияқты мен отказ бермеймін. Түсе беремін.

Ал, Ақбота Қабаның кейіпкері, керісінше, өзіне ұқсас. Актриса Марал есімді ақынжанды қызды сомдайды. Әнші Роза Әлқожаның қызы «ақындардың жан-күйі жаныма таныс, тіпті анам сол үшін әуелде шығармашылығыма қарсы болған»,- дейді.

Ақбота Қаба, актриса:

- Маған 13 жасқа дейін қателеспесем өнерге рұқсат берілген жоқ анамның тарапынан. Сол үшін анама дәлелдеп болғаннан кейін енді халық алдына келдім.

10 сериядан тұратын «Теңіз түсті махаббат» телехикаясы арнамыздан 14 қазаннан бастап көрермен назарына ұсынылады.