Отандық шоу-бизнесте керісінше, ажырасқан жұлдыздызды жұптар жылы қарым-қатынас сақтауға тырысады.
Бірі - бала үшін десе, енді бірі – ортақ салада жүргенін сылтау етеді.
Ал тіпті Лидия Кәденованың жалғызы Дидар екінші рет отау құру үшін бұрыңғы жарынан рұқсат сұрап жүргені рас па?
Визажист әрі бизнесвумен атанған Айым мен Дидардың жолы екіге айырылғанына биыл 3 жыл болды. Десе де, Лидия Кәденнің жалғызы «балам үшін анасымен де, қайынжұртыммен де сыйластығымды сақтадым»,- дейді.
Дидар Кәден, әнші:
- Араласамын. Ол кісілермен де сәлемім түзу. Анам да араласады. Айкомен сәлемім түзу, барынша енді ұлым үшін сыйластық бар ғой енді арамызда. Балаға қиын болмасын деп, міндетті түрде. Ол ата-ананың парызы.
Дидар атұстарына барынша жақсы әке болуға тырысып жүр. Тіпті, екінші рет шаңырақ құрмас бұрын, экс-жарының алдынан өтуге де кетәрі емес. Алайда Дидар мұны тек ұлының болашағы үшін жасайтынын ашып айтты.
Дидар Кәден, әнші:
-Хабардар етемін ғой міндетті түрде. Көреміз енді.
Жалғызының жан тыныштығын ойлап, бұрынғы жарымен жақсы қарым-қатынасын сақтағандардың тағы бірі – Айгүл Иманбаева. Актрисаның Сәбит Әбідхалықовтан туған ұлы әкесінің жолын қуған, болашақ режиссер. Бүгінде әке мен баланың қарым-қатынасы көз қызығарлықтай.
Асылжан Әбдімүтәлиев, Айгүл Иманбаеваның ұлы:
-Ол да киноға қызығатын адам ғой. Менде де өзімнің қызығушылықтарым бар. Ол екеуміз бір-бірімізбен әңгімелесеміз көп.
Ал «AMOUAGE» тобының солисі Анастасия Клещенко ашумен бұрынғы жары Алан Черкасов туралы жағымсыз жазба қалдырғанына әлі өкініп жүр. Себебі, экс-жұбайлар бүгінде достасып қана қоймай, Черкасов Анастасияның шын жанашырына айналғандай.
Алан Черкасов тележүргізуші:
- Қыздардың бейнебаянға дайындығының куәсі болдым. Бір бейнебаянның артында үлкен жұмыс жатыр. Аруларға бәрекелді дер едім.
Айқын Төлепберген болса, баланы да, ортақ кәсіпті де сылтауратып алғашқы жарымен жиі жүздесіп тұрады. Әнші экс-жары Әселді жүрген жерінде мақтаудан шаршамақ емес.