Камила Кабейо мен Шон Мендес «Оne world» онлайн-қайырымдылық концертінде жан тебірентерлік ән шырқады. Пианинода ойнаған Шон мен әнді әдемі бастаған Камила – Луи Армстронгтың «Іt s A Wonderful World»-ын орындады. Жас жұп бұл әрекеттерімен коронавируспен күресіп жатқан барша қызметкерлерге алғыс айтқылары келіпті. Карантин кезінде қарым-қатынастарының нығайғанын байқаған жанкүйерлері, олар үшін шын қуанып, бақыт тілеп жатыр
Екі аптадан бері, инста беттерінен жоғалып кеткен Джиганның қайда екені анықталды. Рэпер отбасынан жырақта, Иванов облысындағы емдеу-сауықтыру орталығында жатыр екен. Дәрігерлер одан смартфонын тартып алған. Ал жанұясымен күніне тек 1 рет, станционардың телефонымен ғана байланыса алады. Орталық қызметкерлерінің сөзінше, Оксана он күн бұрын балаларсыз бір өзі келіп, жағдайын біліп кетіпті. Бұл рехабтағы бір күннің құны 100 мың рубль екен.
Ақпан айынан бері ажыраса алмай келе жатқан Агата Муценице мен Павел Прилучныйдың қарым-қатынасы күн санап шиеленісіп барады. «Мені ұрды. Ұялы телефонымды сындырды. Ішіп кетті», - деген Агатаның мәлімдемесінен кейін, Павел желі беттерінен жоғалып кеткен еді. Бірақ актер күні кеше ұл-қызымен түскен суретін желіге жүктеген. Мұны көрген Прилучныйдың жанкүйерлері, «Агата бәрін ойдан шығарып алған сияқты. Оның жақсы әке екені көрініп тұр ғой», - деп жарыса жазуда.