Тәртіпке бағынған құл болмас! Бірақ Аша Матайдың сүйікті жары бұл сөзді ұмытқан сыңайлы. «Мистерионс» тобының әншісі Арман Қоңырбаев карантин режимін сақтамағаны үшін құрықталып, заң алдында жауап берді.
Кешеден бері желіні шулатқан бұл видеода әнші Арман Қоңырбаев төтенше жағдай тәртібін бұзғанын мойындап тұр. Өнер иесі түн ортасында ойын-сауық орындарының бірінде тәртіп сақшыларының қармағына түскен. Қоңырбаев, карантин ережесін сақтамағаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша айыпталды.
Арман Қоңырбаев, әнші:
- Мен қаланың кафесінде, ол ешқандай бар емес, түнгі клуб емес. +00-50 расында да достарым отырған. Үйдің жанында болғаннан кейін, кіріп, амандасып, содан жұмыс бабымен бір нәрсе беру керек едім негізінде. Кірген бойда бір 5 минут өткен жоқ, артынан бірден сотрудниктер кіріп кетті. Сөйтіп сол кафені дайындап жатыр екен, жабуға. Сол « в ненужный момент в ненужном месте оказался», - дейді ғой орысша айтқанда.
Қоңырбаев 10АЕК, яғни 26 510 теңге көлімінде айыппұл төлеп босатылған. Ал, өнер иесінің дәмханада отырған таныстары 15 күнге бас бостандығынан айырылыпты.
Арман Қоңырбаев, әнші:
- Заңда қалай айтылды, соның бәрін жасау керек. Оны әрине бәріне айтам. Мен де әрдайым заңға бағынамын. Енді түрлі жағдайлар болып жатады өмірде. Сабыр сақтау керек деп ойлаймын.
Құқық қорғау қызметкерлері Арманның дәмханаға расымен де тек 5 минутқа ғана бас сұққанын анықтап, жазасын жеңілдеткен көрінеді. Жағдайына түсіністікпен қарап, кінәсін иек айыппұлмен өтеуге мүмкіндік берген полиция өкілдеріне Қоңырбаевтың алғысы шексіз.
Арман Қоңырбаев, әнші:
- Біз халықпен емес, жаңағы коронавируспен күресіп жатырмыз. Сол үшін халықты да түсіну керек және заңды да бұзбау керек. Енді рақмет, заңгерлерге де, жаңағы сотрудниктерге де бәрі түсінікпен қарады ғой.