Карантин талантты әншілерге кедергі болмақ емес! Пандемия кезіне қарамастан, кей муызканттар тың тректер ұсынып, түрлі музыкалық чарттардың көшін бастап жатыр. Мәселен, Jah Khalib «iTunes» тізімінде тағы да үздік атанды. Музыкант күні кеше EP альбомын жарыққа шығарып, тыңдарманын қуантқан еді. Небәрі 3 тректен тұратын жинақ бірден ТОП әндер қатарына енген.
Jah Khalib-тың су жаңа үнтаспасы «911» атауына ие болған.
Біраз уақыттан бері үнсіз қалған Dequine де карантин кезін тұсаукесерге қолайлы сәт санапты. Жас әнші «Золотом» атты трегін ұсынды. Қазақстан ғана емес, Ресейде де танылған ару таяуда ғана харрасмент құрбаны атанып, шығармашылығынан біраз қол үзген еді.
Ал Мәди Рымбаев орысша әндетті! Өнерпаз өзінің өзге тілдегі алғашқы «Глупая» трегінің тұсауын кесті. Роза Қуанышқызының кенжесі осылайша өз аудиториясын кеңейтпек ниетте екен.
MADI, әнші:
- Өзімді орысша өлеңдерден көрейін деп, осындай оймен жазылған өлең және жалпы орыс тілінде, материал көп болып кетті және ол біртіндеп-біртіндеп халыққа өтсе шығаратын боламын.