Анатолий Цой «MBand» тобымен қош айтысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Mband» тобының соңғы «Гори» атты бейнебаяны осыдан небәрі 4 ай бұрын ғана жарық көрген еді. Сондықтан болар туындының тұсаукесерінен соң, тез арада топтың тарауы көпшілікті таңқалқалтты. Сөйтсек су жаңа клип бойзбендті сақтап қалудағы соңғы амал болған екен.

Анатолий Цой, әнші:

- Топтың тарауы ол бізге деген сұраныстың азайып кетуінен болды. Біз осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Себебі, қанша тырысссақ та ұжымның жұмысы алға жылжымады.

Анатолий Цой енді жеке шығармашылығын қолға алмақ. Еске салсақ, Константин Меладзеңің қарамағындағы музыкант осыдан бірнеше ай бұрын өзінің дебютты трегін жарыққа шығарған еді. Әнші әйгілі продюсермен жұмысын әрі қарай да жалғастырады.

Анатолий Цой, әнші:

- Константин Меладзенің жеке әртіс ретінде маған деген қызығушылығы бар екенін білемін. Бүгінде біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұрынғыдай жұмысымызды әрі қарай жалғастыра береміз деген үміттемін.

«Mband» тобының арқасында ТМД елдеріне танылған Анатолий, шығармашылығын Ресейде жалғастырмақ. Музыкант 5 жыл бойы өнер көрсеткен топты қимаймын деп отыр.

Анатолий Цой, әнші:

- Топпен бірге біраз белесті бағындырдық. Біз осы уақыт аралығында тек әріптес қана емес, бауыр болып кеттік. Енді әрқайсымыз әртіс ретінде өсуіміз қажет.

Бүгінде «TSOY» лақап атын еншілеген Анатолий соло әнші ретінде қызу жұмысқа кіріскен. Өнерпаз дебюттық альбомын жазып жатыр. Музыкант сәтін салса, болашақта қазақстандық жанкүйерлеріне арнап жеке ән кешін өткізбек.

Анатолий Цой, әнші:

- Қазіргі таңда біраз жұмысқа кірістік. Соның ішінде - менің дебютты альбомымды жазып жатырмыз. Жақсы композиторларды іздеп жатырмыз. Қысқасы, дайындығым 100 пайыз.