«Бизнес по-казахски» фильмінің жұлдызы Рамазан Амантай туралы не білеміз?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қазақша бизнестегі» ерке бала Еркош кейіпкерімен елге етене таныс Рамазан Амантайдың дәл қазір нағыз дүркіреп тұрған шағы. Десе де, оны Қоянбаевтың туындыларынан өзге жобаларда көру – сирек құбылыс. Онысын жас актер былай түсіндірді.

Рамазан Амантай, актер:

- Көбісі айтады Нұрлан Қоянбаев сенің паспортыңды тартып алған ба деп. Неге ешқайда түспейсің, рұқсат бермей ма деп. Бірақ айтамын, өзім таңдап түсемін киноға. Өзіме осы кісінің кинолары ұнайды.

«Ұсыныстар көп-ақ, бірақ таңдауым тек Қоянбаев» деген талғампаз актер фильмнің авторы мен сюжетіне аса мән береді екен.

Аңғал, әр басқан қадамы шытырман оқиғаға алып келетін Еркоштың халық көңілінен шыққаны анық. Бірақ Рамазан өзге де салмақты рөлдерді алып шыға алатынына сенімді.

Рамазан Амантай, актер:

- Абайдың балалық шағын ойнағым келеді. Мелодрамада ойнағым келеді, ғашықтың рөлін ойнағым келеді.

Ғашықтықты жаны қалаған серіні соңғы уақытта әнші Дана Кентайдың парақшасынан жиі байқаймыз. Шай үстіндегі әңгімелері жиілеген қос өнерпазды не байланыстырады?

Рамазан Амантай, актер:

- Дана Кентай екеуміздің арамызда бала бар... Жоқ , қалжың. Шығармашылық байланыстырады және сол әпкелік-інілік. Ол кісімен бірден бауыр басып кеттік бір-бірімізге.

«Тапсырысы көп ақын болсам да, гонорарға келгенде әпкем деп қарамаймын» деген Рамазан, Дана Кентайдан өзге эстрадамыздағы Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым сынды хитмендердің әніне сөз жазған.

Қаламақыға келгенде әншілер қауымы Еркошты ренжітпейтін көрінеді.

Рамазан Амантай, актер:

- Өтірік әңгімелер бар екен, біреу ақша бермейді, үйіне шақырып алып жаздырады деген. Ондай жоқ. Бәрі ақшамды береді. Солай жазамын.

Сондықтан да, басты нәпақа көзі миллиардер болған Нұрлан мырзаның туындысынан емес, ақындық талантынан екен.

Рамазан Амантай, актер:

- Кино енді жылына бір кино, екі кино, кез келген қазақстандық актер сондай ғой өзі Әбунасыр Серіковтен басқа, Дариға Бадықовадан басқа.