Жанболат пен Жазира жаңа бейнебаяндарын таспалауға кірісіп кетті! «Көңілді ырғаққа құрылған әннің, сюжеттік желісі де ерекше болады», - дейді жұлдызды жұп.
Жанболат Ербатыров, әнші:
– «Жұмақ бағым» деген әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз. Бұл Әйгерім Сырлыбаева деген қызымыздың әні. Енді бұл режиссердің өзінің идеясы болды. Өзі әнді тыңдап, бір кішкене ерекшелігі современный дейміз ғой.
Жаңа жұмыстарын жастардың қолына түбегейлі сеніп тапсырған олар, бұл клиптің бұрынғы әнбаяндарынан өзгерек болатынын айтады.
Жазира Байырбекова, әнші:
– Сюжеттің желісі құпия. Бұл бұрынғы біздің бейнебаяндарымызға қарағанда, кішкене жеңілдеу. Жеңілдеу ән және көңілді ән. Үнемі терең мағыналы әндерге бейнебян түсіріп, орындай бергеннен арасында халықтың көңілін көтеріп қоюды жөн көрдік.
«Түсірілім жұмыстары тез аяқталса екен. Қазір үйге асығатын болдық» деген Ербатыров мырза, қызының тәтті қылықтарына тоймай жүргенін жасырмады.
Жанболат Ербатыров, әнші:
– Әрине әр отбасының қуанышы балалар ғой енді. Біздің шаңырағымызға қуаныш алып келді.– бос уақытымызда кішкентай баламызбен ойнап, еркелетіп, құшақтап, сүйеміз.
Ал шақалақтың тәтті иісіне тоймай жүрген Жазира ханым, Дара қыздан кейін сәбидің артын үзбеуге ниетті.
Жазира Байырбекова, әнші:
– Қызымыз пайда болғалы баланың тәттілігін сезіп жатырмыз. Әрбір күнде бір қылығы шығады. Соған мәз болып, үйіміз жап-жарық болып... Енді Қазбекке айтып жатырмын, үлкен ұлымызға: «енді сен үйленетін қыз ізде. Ертерек үйлен. Біздің Дара қызымыз екі-үш жасқа келгенше, үйде тағы бөпе болуы керек. Енді үйден сәбиді үзбейік» дедім. Мүмкін мен де тағы дүниеге сәби әкелермін. Мүмкін келінім әкелер. Мүмкін екеуіміз кезектесіп әкелерміз.
Қыздарының жүзін жасырып, желіге жиі видео жүктейтін жұлдызды жанұя әзірге Дара қызды халыққа таныстыруға дайын емес екендерін айтады.
Жазира Байырбекова, әнші:
- Біз қызымызды халықтың алдына көп шығарғымыз келмейді. Әр отбасының өзінің тәртібі бар. Отбасындағы бақытты халыққа жариялау міндетті түрде емес деп ойлаймыз.
Ал жұлдызды жұп бейнебаянның түсірілім жұмыстары аяқтала салысымен, жылы жаққа демалып қайтуға ниетті.
Жазира Байырбекова, әнші:
– Қай елге барып қайтатынымызды әлі анықтаған жоқпыз. Сол қызымызға ыңғайлы, тіке ұшып барып, ұшып қайтатын жер керек қой енді.
Ал клип келер айдың аяғында қалың көпшілікке жол тартпақ.