Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина атақты аяқдопшының өзіне үйленгенін айтты! Күні кеше Роналду 26-ға толған аруды тау етегінде ерекше құттықтады. Төрт баласы және екеуі түскен суреттің астына сылқым «Сен ең керемет күйеусің. Жанымда жадырап жүрші», - деп жазба қалдырған. Бұған қарап жұрт, төрт жылдан бері бір шаңырақ астында тұрып келе жатқан екеуінің, жасырын түрде неке қидырғандарын болжауда.
Ресейлік сәнбике Ирина Шейк Бредли Купермен айырылысып кеткеннен кейінгі хәлі жайлы ашық сұқбат берді. Ирина: «Бредли мен жылағым келген сәттерде, көңілімді аулайтын. Қашанда күліп жүретін адам ғой», - дейді. Төрт жылға жалғасқан қос жұлдыздың қарым-қатынасы, қыздары Лея екі жасқа толғанда тоқтады. Шейк бүгінде ауыр кезеңді басынан өткізіп жатқанын жасырмайды.
Күні кеше Лос-Анджелестегі «The Fox Bruin Theatre» кинотеатрында Джастин Бибердің өз өмірінен хабар беретін реалити-шоудың тұсаукесері өтті. Аталмыш кешке әншінің жақындары мен достары жиналған. Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында ютуб хостингына жүктеліп отыратын бағдарламада Бибердың бар өмірі бүкпесіз баяндалмақ.