Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлаймыз! Бұл тіркестер «Оскар» ұйымдастырушыларының ұранына айналғаны қашан. Мәртебелі марапат қарсаңында күллі киногерлер «Oscar nominee luncheon»- да бас қосты.
Бұл күні қызыл кілемнен Леонардо ДиКаприо, Брэд Питт бастаған голливудтың серілері табылды. Сондай-ақ, олардың арасында «Паразиты» лентасының авторы Пон Чжун Хо мен Квентин Тарантино да бар.
Шарлиз Терон сынды бикештердің аталмыш кешке ұзақ дайындалғаны анық! Әлбетте, мұнда төбе көрсеткен әр киногер келешекте «Оскарды» қолтықтап қайтуға үмітті.
Көп ұзамай, кештің ең негізгі бөлімі де басталды.
Аталмыш шараның мақсаты – «Оскарға» үміткерлердің есімін ресми түрде жариялау. Кеште киногерлердің әрқайсысы сахнаға шақыртылып, соңында барлығы әдеттегі дәстүр бойынша, ортақ суретке түсті.