Джим Керри үлкен экрандарға қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джим Керри үлкен экрандарға қайта оралды! Лос-Анджелесте әйгілі актер басты рөлді сомдаған су жаңа «Sonic» картинасының тұсауы кесілді. Голливуд жұлдызы төбе көрсеткен бұл туынды компьютерлік ойын негізінде таспаланған.

Премьераның қызыл кілемінде бас кейіпкер Sonic те төбе көрсетті. Бұл кеште ол Джим Керримен бірге басты назарда болды.

Джим Керри, актер:

- Джим Керри барлық заманның жұлдызы деп айтсам артық айтпас едім. Себебі, менің қолымнан күлкілі кейіпкер де, зұлым кейіпкер де мінсіз шығатынынына көзім жетті. Бастысы, өнерді сүйе білу қажет.

Комедия жанрының майталманы Джим Керри бұл туындыда өзге қырынан танылды. Өнер иесіне зұлым жанның образы бұйырған-ды. Әзілкеш актерді бұл рөлге шақыру фильм режиссері Джефф Фаулердің идеясы болса керек.

Джефф Фаулер, режиссер:

-Білесіздер ме, Джим Керри мен үшін ұлы тұлға! Көрермен Джимнен әдеттегі күлкілі кейіпкерді емес, қара ниетті адамды көрсе қалай болады екен деп ойладым. Ал Керри мырзаның ойынына сөз жоқ.

Аталмыш лентаны АҚШ, Жапония және Канада бірігіп таспалаған. Фильмде өзінің жылдамдығымен танылған «SEGA» ойындарының кейіпкері – кірпінің

бастан кешкен хикаясы баяндалады. Ол өзге ғаламшардан жерге тап болған еді. Ал Сониктің осындай ғажап күшін көрген зұлым дәрігер оны қармағына түсіру үшін барын салмақ.

«Соник» фэнтезиінің алғашқы көрсетіліміне «Sega Games Corporation»

президенті Харуки Сатоми де қадірлі қонақтар қатарынан табылды. Жас бизнесмен лентаның сценарий жұмыстарына атсалысқан екен.

Харуки Сатоми, «Sega» президенті:

-Фильмнен күтер үмітім мол. Себебі бұл ойын емес, кино! Ол деген мүлдем басқа дүние. Ең бастысы туындыда Сониктің барлық қасиеті сақталды. Сондықтан ойынға құмар жандар да картинаны тамашалай алады.

Ал «Соник» жайлы фильм отандық көрермендерге 20-шы ақпаннан бастап жол тартады.