Нұрсұтлан Есжан, жүргізуші:
- «Каникулы off-line» фильмінің кейіпкерлері бүгінде жұлдыз! Тіпті туындыда төбе көрсеткен балақайлар Қазақстанды аралап, автограф сессия ұйымдастырып жүр. Еске салсақ, аталмыш лента бойжеткен мен бозбалаларға арналған отандық тұңғыш картина саналады!
«Каникулы off-line» картинасының бірінші бөлімі ғаламторда 5млн.ға жуық қаралым жинаса, ал екіншісі кассалық табысымен топ жарып, көрермен көңілінен шыққан еді. Ал дәл осы лентаның арқасында актерлық құрамның танымалдылығы шарықтай түскен. Тіпті, жас таланттар бүгінде фанаттар армиясын жасақтап та алған.
Мағжан Хамит, актер:
– Сен осы фильм арқылы көпшілікті тәнті еттің, актерлық қабілетіңе көпшілік оң баға беріп жатыр. Мұның сыры неде? Бәлкім сен дайындалған шығарсың? Актерлар көмектесті ма кәсіби?
- Мен алты жасымнан бастап актерский және вокалға қатысамын сондай үйірмелерге. Ал актерскийдан сыры именно халыққа ұнағаны ол режиссердің арқасында деген ойдамын. Өйткені режиссер болмаса қиындау болатын еді.
- Фан митингке келген көрерменнің көпшілігі Мағжан, негізі сен үшін келген сияқты.
- Білмеймін.
- Көрермендердің махаббаты саған деген. Неліктен мұншалықты мол деп ойлайсың?
- Білмеймін даже, оларға ұнаса болды ғой ең бастысы. Оның сырын білмеппін.
- Оның сыры айқын, сенің актерлық шеберлігің, түр келбетің.
- Болды.
Жас жұлдыздармен кездесуге келген фанаттардың көптігінен, залда ине шаншыр жер қалмады. Ақан Сатаев продюсерлық еткен комедияның кейіпкерлері дәл осы танымалдылыққа жету үшін фильмге тегін түскен көрінеді.
Зарина Нұржанова, актриса:
- Зарина, инстаграм әлеуметтік желісінде, сенің жарты миллионға жуық оқырманың бар, өзіңді блогер санайсың ба? Жас блогер?(скрин стр.с инстаграма Зарины)
-Ия, әрине мен өзімді жас блогер, вайнер деп санаймын.
-Саған үлкен танымалдылық алып келген[N1] «Каникулы оффлайн» фильмі деп санайсың ба, әлде олай емес пе?
- 50 де 50.
-Сен бұған дейін танымал болып келдің иә, «Каникулы оффлайн» фильміне дейін.
- «Каникулы оффлайнға» дейін менде өзімнің аудиториям белгілі бір, видеолардың просмотрлары өте көп болды, белгілі аудиторям да болды. Бірақ «Каникулы оффлайнға» түскеннен кейін да, оның көптеген плюстары болды.
-Арнайы шақыртумен келдің ба әлде іріктеуден өттің бе?
-Мен арнайы шақыртумен келдім. Мако, Мағжан Хамит мені біздің режиссерға кеңес берді мені шақырсын деп.
-Енді бір құпиянының бетін ашқаныңды қалаймын. Актерлардың жалақысы көп пе екен? Актерлардың еңбекақысы?
-Біріншіден мынандай сұрақ қоюға болады, маған ақша төледі ме деген!
-Қойшы төлемеді ма не?
-мкм
-Неге?
-Себебі бұл, маған келіспеуге де болатын еді ғой маған, мысалы ақша төлемедің деп. Бірақ мен өзіме пайдасы тигізеді және де бұл не дегенмен де тәжірбие.
Арман Жақсығұлов, актер:
- Армашка қалайсың?
-Жақсы, өзіңіз қалайсыз?
-Жақсы. Арман сен вайнерсің ба?
-Жоқ вайнер емеспін, бұрында вайн түсіргем.
-Бұрында түсірдің қазір түсірмейсің?
-Жоқ.
-Неге? Қазір мен актермін деш?
-Ия. Вайнды түсіруді маған Аминка Витаминка айтты вайн түсірейк деп. Жарайды деп.
- «Каникулы оффлайн» фильмінен кейін, сенің көрермендерің қаншалықты көбейді?
-Ия, көрермендерім көбейді. Жаңа кірген кезде, бәрі алдыма жүргіріп шығып суретке түсейік деп.
Осылайша әп-сәтте жұлдызы жанған жас таланттар, «фильмнің кезекті бөліміне шақырту түссе, тағы та төбе көрсетуге қарсы емеспіз» - деп отыр. Киногерлер болса, «Каникулы офф лайнның» үшінші бөлімі жарық көруі мүмкін екенін айтқан еді.