Желі арқылы әнші Меруерт Түсіпбаевадан келіндер көмек сұрап жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, ысырапшыл табыс тапқанмен тақырға отырады деген. Алайда отбасылық қаржыға келгенде билік кімнің қолына өтеді?

Әнші Жеңіс Ысқақованың отбасында әуел бастан «қаржы министрі» ретінде отағасы сайланған. Тапқан тиын-тебенін толығымен жолдасының қолына табыстайтын әнші «ненің қайда жұмсалу керектігін реттеуді де азаматыма сеніп тапсырамын»,- дейді.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Мен өзіме керек дүниені, керегін алып қаламын приблизительно өз расходтарымды білемін. Киетін киімім, жұмсалған фонограммам деген сияқты. Оның барлығын мен ала берем одан, ол сосын жаза береді.

Ал көпбалалы ана, әнші Динара Сұлтан «отағасы әкелген табысты үйдің ұйытқысы – әйел адам реттеп отырғаны абзал» - деген пікірде. Бүгінгі заманда қаржылай тәуелсіз болу нәзік жандыларға аса маңызды екенін айтқан өнерпаз, тапқан ақшасын ер адамға бергенді құп көрмейді.

Динара Сұлтан, әнші:

- Мен мысалы бермеймін жолдасыма, өйткені өзі табады ақша. Мен ойлаймын әйел адам өз өзіне жою керек, өзінің тапқаны өзіне кету керек.

Ойы да, мінезі де ерек Меруерт Түсіпбаева келіннің табысына ортақтасатын кейбір енелерге ашулы. Тіпті желіде осындай отбасылық мәселелерге тап болатын әйелдер әншіден жиі кеңес сұрап, шешім іздейтін көрінеді. Түсіпбаева ханымның пікірінше, отбасын ойлаған адам ешқашан ақшаны далаға шашпайды.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

- Келіні ақшаны енесіне беру керек? Неге? Мен ұқпаймын. Ол адамның құқығының бұзылуы ғой. Ұят емес пе? Ол немене қазақилық, мен ұқпаймын ондай енелерді.

Ененің тәлім-тәрбиесін көріп, ақ батасына шомылып жүрген келіндердің бірі - дизайнер Әсем Нұрсейітова. 12 жыл бойы бір шаңырақ астында ата-енемен өмір сүрген ол, керісінше, «екінші анамның ақша беріп, көмектескен кездерін ұмытпаймын», дейді.

Әсем Нұрсейітова, дизайнер:

- Жоқ, біздің ата-енеміз ешқашан сұрамайды тапқан ақшаңды бізге бер деп. Ондай жоқ. Мен керісінше айтам, сенің тапқаның бұл біздікі. Менің тапқаным менікі деген сияқты. Сондай бізде политика.