Танымалдар арасында соңғы жылдары жекеменшік өнер мектептерін ашу үрдіске айналды! Бірінің кәсіпте тасы өрге домаламаса, енді бірі шәкірт санын күн санап арттыруда. Мәселен, көпшілікке Қоянбаевтың «Қазақша бизнесі» арқылы танылған Дариға Бадықова өткен жылдың соңында актерлік шеберлікке баулитын орталық ашқан-ды.
Дариға Бадықова, актриса:
-демалғанда қазір өзімнің жұмыстарым бар, мастер класс анау мынау жұмыстарым бар, үй бетін көрмейсің ғой.
Ал Бағлан Әбдіраимовтың мұндай мектеп ашудан тәжірибесі болған. Алайда оның бастамасы үмітін ақтамай, сәтсіз аяқталыпты.
Бағлан Әбдіраимов, «Жігіттер» тобының әншісі:
- Менде мектеп болған, қазір оны жауып тастадым деген сияқты. Басқаша бір мектеп ашқым келеді. Мысалы тұлғалық даму орталығы деген сияқты.
Топ кенжесі Мырзаханды «мұндай орталықтың басшысы болуы керек» деп қалжыңдасты ағалары.
Жігіттер тобы:
-Енді Мырзахан ашып қалуы мүмкін мұндай мектеп, өйткені өте мектепке жақын адам. Түрінен көруге болады, міне, мектептің директоры болуға.
Әсел Сәдуақасова болса, жақында режиссерлікке бет бұратынын айтқан еді. Одан бөлек актриса жас таланттарға арнап, актерлік шеберлікті шыңдайтын арнайы орталық та ашқан. Бұл орайда, киногер Санжар Мәдиев те әріптесі Әселден қалыспақ емес.
Санжар Мәдиев, актер:
- Мен актерлік шеберлік мектебін ашып жатырмын. Одан бөлек бар ашып, кішігірім бизнес бастап жатырмын. Оқытушылар толығымен алынған, өзім белгілі бір сабақтан ғана дәріс беретін боламын. Бірақ аптасына бір рет қана, өйткені үлгермеймін.