Селена Гоместен тағы бір тың туынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші жаңа жылды тыңдармандарын қуантудан бастады. Таяуда ғана «Rare» альбомын жарыққа шығарған өнерпаз енді «Lose You To Love Me» трегіне тағы бір нұсқадағы бейнебаян ұсынды.

Еске салсақ, Джастин Бибердің экс-ғашығы ұзақ уақыт бойы көзден тасада болған еді. Денсаулығына байланысты өнер әлемінен алыстаған сылқым, қайтадан шығармашылығына шыңдап кірісуге құлықты.

Селена Гомес, әнші:

- Фанаттарымның мені сағынатынын түсінемін. Түрлі қиындықтарды бастан өткергенде, одан да жұлдыз емес, дені сау қарапайым адам болсам ғой дейсің. Дегенмен өнерге деген махаббатым дерттің өзін жеңіп шықты.

Еске салсақ, Селена «қызыл жегі» ауруымен ауырған еді. Одан бөлек, әнші ота жасатып бауырын ауыстырған болатын.

Селена Гомес, әнші:

- Есіме алсам көңілім түсіп кетеді. 2 сағатқа созылатын ота маған 10 сағаттан астам уақыт жасалды. Өмір мен өлімнің арасында жатқанымды сездім. Дегенмен менің хәлім жақсы, сіздермен біргемін.

Селена тіпті, 2 жылдан астам уақыт жалғыз болғанын айтады. Оның әндерінің мәтініне қарап, экс-ғашығы Джастин Биберді әлі күнге дейін ұмыта алмай жүргенін аңғаруға болады.

Үлкен сахаға қайта оралған Селена, бүгінде сұраныстағы әншілер қатарында. Өнерпаздың күні кеше жарық көрген бейнебаяны бір тәулікте 3 млн-нан аса қаралым жинады. Ал оның 13 тректен тұратын су жаңа үнтаспасы әлемдік музыкалық чарттардың көшін бастауда.