Әртіс болсын, жұлдыз болсын, жұмыр басты пенденің бәрінде қиындықтың болары сөзсіз. Әсіресе, «отбасылық дағдарыс» ешкімнің жанұясын айналып өтпесі анық. Мәселен Мейіржан Төребаев «бұл жағдайда жігіттер мықты болуы керек. Бар кінә өзімізден», - дейді.
Мейіржан Төребаев, актер:
– Тойға дейін например балалар қандай болады? Гүл әкеледі, алма әкеледі. Тойдан кейін бір қол қойды ма бітті, келін уже адам боламай қалады. Короче, болды сен айқайлама, сен ана жақа тұр, былай тұр, былай тұр... Ондай дұрыс емес. Так что әйел, как дос сияқты болуы керек.
Актердың пікіріне продюсер Гүлзира Айдарбекова да қосылатынын айтады. «Кез келген отбасылық қиындықты жанұяның әр мүшесімен ақылдасып шешкен дұрыс», - дейді Айдарбекова.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
– Негізі бұл өте айбайлайтын дүние. Өйткені сақтықта қорлық жоқ. Кішкене сабырлық керек. Сондай бір адамның басына іс түскен кезде негізі «бір ұрғанды Құдай мың ұрады» дейді ғой.
-Cол сынақтан сынып кетпей, бүкіл отбасы ақылдаса отырып бір жақсы дүние жасаған дұрыс.
Ал бұған дейін аузы бір рет күйген Әсел Асқар жарымен кез келген қиындыққа дайын екенін айтады. Бірақ актриса алдын ала болжам жасап, жаман ат шақырғысы келмейтінін жеткізді.
Әсел Асқар, актриса:
–Үйленгеніміз жақында ғана ғой. Әзірге айтарлықтай қиындықтар болып жатқан жоқ. Күнде тәттілер мен гүлдер сыйлап еркелетіп жүр. Алдағы уақытта да солай болады деп үміттенемін. Егер жанжал бола қалса, бірден келісімге келеміз деп ойлаймын.
Бір күн қазан-табақ сылдырлаған үйден, қырық күн береке кетері белгілі. Осыны кез келген адам қаперіне түйіп алса игі.