Отандық шоу-бизнесте жаңа тренд! Сән қуған серілер жаппай «блеферопластика» жасатып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сылқымдар ғана емес, серілер де сұлу болуы тиіс! Бұл тіркестер, қазіргі шоу-бизнестегі ерлер қауымының ұранына айналғандай. Себебі соңғы кездері, жігіттер арасында әсем көрінуі үшін пышақ астына жататындардың саны артып келеді. Соның бірі – Әлішер Каримов. Әнші қабағына ота жасатқан еді.

Әлішер Кәрімов, әнші:

- Ол да Корей елінде, себебі оларға қарап шабыттанып. Оларға блеферопластика жасау тіпті біздің маникюр жасаған сияқты. Сондықтан, көрейінші қалай болады деп. Сондықтан міне 10 жас жасарып отыр Әлішер Каримов. Ұнады, өзімді айнаға қарасам 10 жыл болған бет әлпетімді көремін да.

Әйгілі шоумен Алан Черкасов та, ота туралы ойланып жүрген көрінеді. Оның айтуынша, әдемілік үшін пластикалық хирургияның көмегіне жүгінудің еш әбестігі жоқ.

Алан Черкасов, шоумен:

- Әрдайым әдемі, жас болып көріну кімнің болса да арманы. Сондықтан, болашақта қабағыма ота жасатуым әбден мүмкін. Медиатұлғалар әрдайым әсем көрінуі тиіс деп санаймын.

Одан бөлек, ғаламтордағы оқырман «Ninety one» тобының мембері Alem-нің жүзінен өзгеріс байқағанын жарыса жазған еді. Көпшіліктің пайымынша, Батырхан блефаропластиканың көмегіне жүгінген.

Ал бұған қатысты Alem-нің q-pop-тағы әріптестерінің айтары мынау:

«EQ» тобы:

- Ой бізге бәрі бір, өзі біледі ғой.

Екьюліктер өнердегі досының әрекетін қолдағанымен, өздері блефаропластика жасатуға әзір емес көрінеді. Жігіттер отаға тек қажеттілік туғанда ғана жүгіну керек деген пайымда.

«EQ» тобы:

- Менің ойымша, сіздің недостаток, кәдімгідей проблемаң болып тұрса жасаңыз, себебі ішіңіз қалап тұрса, сізге өмір сүру қиын болып тұрса жасаңыз. Ода тұрған дым жоқ деп ойлаймын.