«Форсаж» үлкен экрандарға қайта оралады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Вин Дизелдің өзі түсірілім жұмыстарының басталғанын хабарлап, киномандардан «сүйінші» сұрады. Миллиондаған көрерменін жинап үлгерген сиквелдің 9-шы бөлімі де шытырманға толы болады деп күтілуде.

«Fast & Furious» кезекті хикаясында Дуэйн Джонсоннан өзгелерінің бәрі төбе көрсетеді. Әйгілі Вин Дизельмен жүз жыртысып қалған соң, «Форсажды» енді, «желкемнің шұқыры көрсін» деп біржола кеткенді.

«Universal» компаниясына басы-аяғы 5 млрд доллар табысты қоржынына салып берген франшиза 2020 жылы көрерменіне жол тартпақ.

«Веном»-ның табынушыларына да қуанышты жаңалық! Фантастикалық картинада басты ролді сомдаған Том Харди сиквелге репортер Эдди Броктың ролінде қайта оралады.

Дәл осылай «Variety» басылымына сұхбат берген лента продюсері Эми Паскальдің айтуынша, қаһарлы симбиоттың хикаясы көпті қызықтырған. Кассалық жиыны 855 млн АҚШ долларына құрған картинаның екінші бөлімі, халықтың сұранысы болса керек.

Жаңа «Матрица»! Хакерлар жайлы танымал кинотуындыны режисерлар Лана мен Лили Вачовскилер тағы бәр мәрте жандандырмақ. Бұл жолы фильмнен үйреншікті Киану Ризвді көре алмаймыз. Себебі, ол рөлге «Қара қабылан» лентасымен таныс Майкл Джордан бекітілген.

Ал, «Матрица» Чикаго қаласында 2020 жылдан бастап қана таспаланады. Сценарийі болса, «Халк»-тың авторы Зак Пеннің қолында