Сахнаға оралған Хамитова суперстарлық достарының сынына ілікті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұрт назарын жиі аударған Жанардың әрекетінен әріптестері қандай тұжырым жасады?

Жылдар бойы жұрт көзінен жырақта жүрген Жанардың отандық эстрадаға оралуы, көпшілік үшін күтпеген жәйт еді. Демде елдің аузында, лезде қазнеттің қызу талқысына түскен бикеш, бүгінде шоу-бизнестен шаршаған сыңай танытып жүр. Хамитованың бұл әрекетін алғаш аңғарған – Динара Сұлтан!

Динара Сұлтан, әнші:

- Менің көбінесе байқайтыным, қазір Жанар өзі түсінбей жүрген сияқты. Сахнаға келгім келеді дейді, одан кейін кеткім келеді дейді. Сол шаршаймын деді ме бірдеңе... Енді адам келмей жатып, олай айтуы дұрыс емес деп ойлаймын. Менің жеке пікірім әрине. Мүмкін оның өзінің басқа проблемалары, уайымы бар шығар. Оның бәрі түсінікті. Бірақ мен ойлаймын, сахнаға шыққан адам ешқашан өзінің ішкі проблемасын халыққа жайып керек емес.

Динара бес баланың анасы, отбасы мен шығармашылықты теңдей ұстайды. Сұлтан мен Хамитованың таныстығы суперстардан басталып, кейін аталмыш жобаның финалистері «China Town» және «Перцы» тобын құрған-ды!

Иә, бұл жігіттер де Жанармен жастықтың шырын шақтарын бірге өткерген достары. Ал, ойда-жоқта өнердің ордасына оралған Хамитованың қылығын, әріптестері хайп қадамға балайды.

Ринат Малцагов, әнші:

Жалпы мен білген жоқпын Жанардың Қазақстанда жүргенін. Осы жаңалықты естіген кезде шыны керек таңғалдым. Мәссаған, не деген мынау қоймайды деп. Мынау не деген сұхбат деген сияқты. Жанар кәдімгідей «хайповать» етіп жүр ғой.

Жанар Хамитова, әнші:

Хайп емес. Қалай ойласаңыздар, солай ойлаңыздар. Мен ашық адаммын. Хайп болсын, «қара пиар», «ақ пиар» болсын, қандай болсын – менің болмысың осы. Мен қалай бармын, солай боламын!