Billboard 200! Үздіктер кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадоннаның «Madame X» -ы үкілеген үмітті ақтады! Көп күттірген жинақ жарық көрген алғашқы аптасында-ақ 95 мың данамен таралып үлгерді.

Соған қарғанда, тыңдарман поп-патшайымын сағынып қалса керек. Себебі, бұл оның 4 жылдық үзілістен кейінгі ұсынған альбомы саналады.

Ал, жаңа жинақта поп-патшайымының Maluma, Swae Lee, Quavo сынды жас өнерпаздармен ән шырқап, таңқалтқаны тағы бар. «Алпысты алқымдасам да, көңілім жас» - дейді майталман музыкант.

Мадоннаның құрдасы, Брюс Спри́нгстин де жаңа толқынның көлеңкесінде қалуға құлықсыз! «Оскар»мен «Грэмми»-дің бірнеше дүркін иегері жуырда ғана «Western Stars» альбомын ұсынған еді. Туынды, Billboard тізімінде екінші орынға жайғасты.

Үздіктер арасында Bastille де бар! Ағылшындық инди-топтың кіл мықтыларға бәсекелес атануы сирек құбылыс. Десе де, «Doom Days» 8 жылдық тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп топшалайды көпшілік