Қонақшыл Клунилар отбасы Обама әулетін мейман етті.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жақсы әйел - қонақшыл»! Амаль Клунидің ұстанымы осы. Бұл жолы төркөрпешесін Барак пен Мишель Обамаларға төседі! Италиядағы Комо өзенінің жағалауында орналасқан жекежайларына мейман шақыру Клунилардың отбасылық үрдісі. Таяуда ғана Гарри ханзада мен Меган Маркл келіп кетсе, енді ақ үйдің экс-иелерін күтті.

Дегенмен, жұлдызды отбасы мұндай достық кездесулерін қатаң құпияда ұстайды. Әйткенмен де, папарацци бірер кадр таспалап үлгеріпті.

Дуа Липа апалы-сіңілілі Хадидтерге келін болмақ па? Супер сәнбикелердің інісі Анвардың әншіге құлай ғашық болып қалғанын инсайдерлер жарыса хабарлауда.

Таяуда, 20 жасқа толып Малибу төрінде туған күнін дүркіретіп атап өткен Анвар, Дуаны бас мейманы етіп шақырған. Сол сәттен бері араларында махаббат ұшқыны пайда болған деседі.

BTS пен BLACKPINK-те махаббатқа «шомып» жүр! Яки, жанкүйерлерінің шексіз құрметі мен ықыласы! Корейлік институт к-поп өкілдерінің қанжығасына байлап жүрген қаламақыларын таразылап көргенді. Нәтижесінде, BTS пен BLACKPINK-ті ең қымбат бренд деп тапты.