Круштиану Роналдудың яхтасы қанша тұрады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Криштиану Роналду көптің «көз құртына» айналды! Серінің қымбат яхтасы мен сұлу сүйіктісіне қарап тамсанып та, қызғанып та жатқандар жетерлік! Төрт баласын тастап, ғашығы Джорджина Родригеспен Сен – Тропеге аттанған аяқ доп шебері демалыстағы түрлі суреттерін жариялап «отқа майды» өзі құйды.

Сонымен, ең қымбат футболшының яхтасы қанша тұрады? «Africa 1» деген атауға ие қайықты тек жалға алу құны – аптасына 250 мың долларды құрайды!

Энрике Иглесиастың да демалысы ашық теңізде өтіп жатыр! Тек, сері көздің жауын алар байлығын емес, бауыр еті баласын көрсетіп мақтанды. Көпшілік атұстарының анасы Анна Курниковадан аумай қалғанын жарыса жазуда.

Джаннет Джексон бұдан әрі үнсіз қала алмады. Бикеш ағасы Майклдың атына «күйе жаққан» қара пиғылдыларға құлақ аспауға, олардың сөзіне сенбеуге шақырды. Еске салсақ, таяуда «Неверлендтен кеткенде» деректі фильмі жарық көргенді. Онда Уэйд Робсон пен Джеймс Сейфчак поп музыка королін «бізді балалық шақта зорлады» деп айыптағанды.