Музыка саласының беделді басылымдарының бірі - «Rolling Stone» 2019 жылдың үздік альбомдар рейтингін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең қызығы, «сен тұр мен атайындар» тізімінде, жаңа есім – Lizzo, әріптестеріне шаң қаптырды. Майталман музыканттардың өзін «Cuz I Love You» жинағымен басып озған бикеш, биыл бодипозитив әнші ретінде танылды. Lizzo, көбіне артық салмақ тақырыбын әндеріне арқау етеді.

Бұл тізімге «Billie Eilish»-тың енуі де заңды құбылыс. Жыл жаңалығы бола алған жас өнерпаздың, тырнақалды студиялық альбомы «үздік» атануға әбден лайық.

Бейонсе де құр қарап қалмақ емес! Кезінде «Coachellа» фестивалінің хедлайнері атанған өнерпаз, сонда шырқалған әндері негізінде бесінші «Homecoming» жинағын ұсынған еді. Альбом, табыстылар санатында.

Туындысы Биллборд чартына ілігіп, көз жасына ерік берген Тайлер енді «Rolling Stone» тізімінде. Хип-хоп орындаушының «IGOR» альбомы үздік атанса, Ариана Гранденің көпшілікті шулатқан «thank u, next» жинағы да бұл тізімнен табылған еді.