Сара Амангелді Қапқарашкамен ән айту үшін ақы төлеген!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Арнау» тобын тізімге қоспағанда, Керменбаев «дуэт орындаудан» отандық шоу-бизнес өкілдері арасында оқ бойы озық тұр. Нұржан осы уақытқа дейін 20-ға жуық әріптесімен қосыла ән шырқаған. Мәселен, Жанар Дұғалова, Мақпал Исабекова, Әли Оқапов сынды жұлдыздармен біріккен жұмысы қос тараптың қалауымен жүзеге асса, «қара балаға» өздері өтініш білдіретін өнерпаздардың саны да көп көрінеді.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Бірақ ол әртістерді айтпай-ақ қояйын. Қазір ол ұят болып қалады. Мүмкін ол кісілер дұрыс түсінбей қалар. Халық та дұрыс түсінбей қалады. «Бартер» деген әдемі бір сөз бар ғой. Бір әртістің есімін пайдалана келе, жаңадан бастаған біреулер дуэт жазады. Сол есімін пайдаланған соң, азамат немесе азаматша ақшасын төлемейді. Ешқандай шығынға бас ауыртпайды.

Дуэттен рекорд орнатқан Нұржан, жас орындаушылардың есімін елге жария қылуға құлықты емес. Бірақ біз таптық! Жеке әншілік мансабындағы алғашқы қадамына Керменбаевтың көмегімен серпіліс алғандардың бірі – Сара Амангелді!

Серікқазы Аязбаев, тілші:

- Нұржан айтады: Мысалы, кейбір дуэттерде өздері ұсыныс тастайды. Қаржы жағын да сол жас әнші көтереді. Ол тізімде сен барсың ба?

Сара Амангелді, әнші:

- Тұрмыз ғой! Негізінде мен ойлаймын ол өте әділ. Өйткені, ол кісіге мен ұсыныс жасап тұрмын ғой. Сондықтан да мен өзім көтеруім керек. Ертең бізге де бұйырсын ондай жағдайлар. Жастармен неге ән айтпасқа. Былай клип жағын көтереміз. Бірақ бөлек ақша беру жоқ! Ол кісі де айтты, Сараның даусы жақсы, маған ұнайды деп.

Қос клипті қатарынан таспаға тартқан Нұржан мен Сараның шығармашылық тандемі сәтті шықты. Ал, Керменбаевтың «дуэттер дуэлі» көп көрінеді.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Кейде уәде беріліп қойған дуэттер болады. Мысалы бір әртіспен дуэт жазамыз деп жүргенімізге біраз уақыт болды. бірақ әлі жүрміз. Сәті түспей жүр. Ән бар, оранжирка бар, тек сөзі дайын емес болып тұр бір әндерде!