Би де үлкен өнер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оны көзбен көріп қана қою аз, жүрекпен түйсіну қажет. «Status showballet» ұжымының ұраны осы. Шығармашылық жолда олар 3 жылдан астам аянбай тер төгіп келеді. Бүгінде әртістер арасында кеңінен сұранысқа ие.

«Status showballet» би ұжымы:

- Біз түрлі жұлдыздармен жұмыс жасадық. Мейлі ол отандық, мейлі шетелдік болсын. Мәселен, жақында ғана Өзбекстандық Озодамен турнеге аттанып, біраз қаланы араладық. Рэй Хилтон, Боссон сынды әлемдік әншілермен де концерт өткізгенбіз.

Тіпті, топқа кезінде «Black Star» басшысы Тиматидің де көзі түскен көрінеді. Ресейлік әнші, ұжымды қуанышты сәтіне арнайы алдыртқан.

«Status showballet» би ұжымы:

- Бішкек қаласында Тиматидің мейрамханасының ашылу салтанаты өтті. Сол шараға арналған кеште, қойылым әзірлеп шығардық. Кимінен бастап, би қимылдарына дейін жаңадан ойлап тапқан болатынбыз.

Бүгінде «Status showballet»-тың қоржынында 50-ден астам би қойылымы бар. Көріністің қиындығына қарай, оның әрқайсысын әзірлеу үшін 2 сағаттан бастап, 2 айға дейін уақыт кетеді екен. Ұжым репертурамызды тағы да толықтырған соң, әлемді бағындыруға аттанамыз деп бекініп отыр.

«Status showballet» би ұжымы:

- Болашақта 50 бишінің қатысуымен үлкен кештер өткізгіміз келеді. Қазір жоспар құрып, алғашқы дайындығымызды бастап кеттік. Әлемді аралап, турнеге шықпақ ойымыз бар.