Отандық жұлдыздар «Диснеймен» бірлесе концерт ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл күндері қызу дайындыққа кіріскен әншілерге әйгілі кинокомпанияның көзі түскені рас па?

Расымен де, Балжан Бидаш жеке есімін қалыптастыруға барын салуда! Әнші ару симфониялық оркестрмен бірге концертке қызу дайындық үстінде. Еске салсақ, елімізде тұңғыш рет «Disney» компаниясы ұйымдастыруымен ерек кеш өтпек. Онда отандық әншілер әйгілі мультфильмдердің қазақша саундтрегін орындайды.

Балжан Бидаш, әнші:

- Олар белгілі бір әндерді жіберді. Сол әндерді біз диктофонмен айтып жібердік. Ағылшынша варианттарын. Содан кейін барып олар қабылдап алды. Қабылдаудан кейін дайындыққа келіп отырмыз. Оларға менің орындауымдағы әндер ұнапты.

Сылқымға ханшайым Рапунцелдің әсем әнін шырқау бақыты бұйырған. Балжанның әріптесі Кентал болса, «Ханшайым мен құрбақа» лентасындағы сиқыршыны қазақша сайратпақ. Бұл таспырма өнерпаз үшін түк емес көрінеді.

Кентал, әнші:

-Кинода өзіме дубляж істегенмін, басқа актерларға дубляж істегенмін. Көп жыл рекламада істедім. Аудиореклама, дубляждар жасадық. Сосын, дауыс өзгерту бізге қиын емес.

Сөздерінің дәлелі ретінде, Кентал камера алдында сүйікті кейіпкерінің дауысын салып берді.

Кентал, әнші:

-Сиқырлы, сиқырлы. Менің алдымда шыққан адам атың кім? Енді біз қаламызда жүргенбіз. /дауысын өзгертіп/ Оны өзгерте аламыз, қиын емес.

Дубляждан Данияр Өтеген да дәмелі еді.

Данияр Өтеген, әнші:

Мен «Ойыншықтар хикаясының» мультфильмінің кастингіне барған болатынмын. Бірақ сол кастингтен өтпей қалдым.Бірақ сол кезде саундтректерін дыбыстауға қазақша ұсыныс түсті.

Енді, Ринголық сері өзге әріптестерімен бірге әсерлі концертте ән салмақ. «Жұлдыздар шеруі» кеші 5-шілде Республика сарайында өтеді