Ал, Биллборд чарты дәстүрден тамайстан, ең үздік альбом иегерлерін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жолы, әдеттегідей хип-хоп орындаушы емес, кантри-әнші Томас Ретт көш бастап, көпті таңқалтты.

Музыканттың төртінші, «Center Point Road» жинағы сатылым жағынан рекорд орнатуда! Екі аптаның ішінде туындының 76 000 данасы, тыңдарманына таралып үлгерген!

Томастың ізін ала, Майли Сайрус да жинағын жарыққа шығарған еді! Десе де, сылқым әріптесінің шаңына да ілесе алмады. «She Is Coming» -ның 36 000 данасы сатылымға түскен. Соған қарағанда, араға 2 жыл салып, ортаға қайта қосылған әншіні жанкүйері жатырқаған сыңайлы. Айтпақшы, альбом Ру Пол, Swae Lee, сынды өнерпаздадың қатысуымен әзірленген.

Есесіне, Элтон Джонның табынушылары іркіліп қалмақ емес! Майталман музыканттың ескі «Diamonds» жинағы «ең табысты» туындылар қатарында. Оған себеп, өнерпаз туралы таспаланған «Рокетмэн» картинасының жарыққа шығу болса керек. Аталмыш альбомда, Элтон Джонның қырық жыл ішіндегі үздік хиттері топтастырылған.