Айқын Төлепбергеннің тұңғышы әке жолын қумақшы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дидар Кәден де атұстарының бойын танымалдылыққа үйретін жүр.

Ұлдарынан жаппай жұлдыз жасауға ұмтылған әртістердің көздегені не?

Айқынның әнге деген құштарлығы бала кезден бастау алса, жұлдызды әке соңғы кездері үлкен ұлының бойынан да өнерге деген ынтызарлықты байқап жүр.

Иә, Аңсар қара өлеңге құмар, ет-жақындарының ортасында әнді де шамасы келгенше шырқайды.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Бір кездері әнші боламын деді, бір кездері Майкл Джексон боламын деді...

Тұңғышы Төлепбергенді талантымен тәнті қылса, Айқын жас өренді қолдауға даяр. Бірақ, жұлдызды өмірге әкесінің жәрдемінсіз жетсе дейді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Менің әншілігім, менің танымалдылығым оған әсер етпеу керек деп ойлаймын. Енді әсер ете бастаса, оған қиындау болады да. Жеңілдіктер әкеледі неше түрлі. Иә, кері әсерін тигізу мүмкін.

Айтпақшы, Дидар Кәденнің де ұлы өнерден құр алақан емес секілді. Таяуда жас таланттар тартысында топ жарған кішкентай Дияр, әкесін таңғалдырыпты.

Дидар Кәден, әнші, актер:

- Екі жарым жасар ұлым 30-ға жуық өлеңді жатқан біледі де! Сол күні жұмыстан шығып, кешке жақын марапаттау рәсіміне бардым. Шыны керек бөлек екен. Егерде ұлым өсе келе осы жолды таңдап жатса, мен қарсы болмаймын. Өйткені болар баланың бетін қақпа, белін бу дейді. Үйде тақымымды қысып, тілеп отырамын.

Сондай-ақ, өнерлі өрендердің санатында Қайрат Нұртастың төрт баласы да бар. Хитменнің үлкен қызы күйсандықтың құлағында ойнаса, кіші бұрымдысы Алау биге бейім. Ал, екі ұлы әкесінің ән кешінде халықпен жиі қауышады!