Ким Кардашьян кенжесін табынушыларымен таныстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Төртінші мәрте ана атанған атышулы сәнбике 1 айлық ұлы Псалмның фотосын әлеуметтік желіге жүктеген.

Сурогатты ананың көмегімен дүниеге келген балайқайдың суретін БАҚ өкілдері Кимнан әуел баста қыруар қаржыға сатып алмақ болғанды. Тек, атұстарымның фотосы арқылы байымай-ақ қойдым деп бикеш кесіп айтқан болатын.

Талай атыс-шабыс фильмдерде тыңшының образын сомдаған Киану Ривз енді компьютерлық ойындардың жұлдызы атанды. Сері Лос-Анджелес қаласында «Cyberpunk 2077» атты жобасының тұсауын кескен еді. Қосымшаны толықтай өзі дыбыстап шыққан актердің жаңа кейпін табынушылары мазаққа айналдырды.

Ал Киану ұсынған ойын, тек 2020-шы жылдан бастап қолжетімді болады.

Махершала Али кезекті картинасын ұсынды. «Оскардың» екінші пландағы «үздік актері» «Solitary» атты биографиялық драмада басты кейіпкер атанған.

Шынайы оқиғаға негізделген су жаңа фильмде 43 жастағы қылмыскердің образын сомдайды. «Жасыл кітап» фильмінің жұлдызы, лентаның продюсерлық тізгінін де өз қолына алған.