Кью-поп ханшайымы Зируза, музыкалық стилін өзге бағытқа бұрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ поп музыкасының субмәдениетінен сән кетті ме?

Зируза тыңдарман арасында «кью-поп ханшайымы» атағын әлдеқашан еншілеп үлгерген. Әуелде тек қазақ поп музыкасын насихаттауды мақсат еткен ару, бүгінде өнердегі бағытын басқа арнаға бұрған секілді.

Ziruza, әнші:

- Біз ең басында кью-поп дедік. Неге? Өйткені, енді ғана шықтық. Біздің көрермендеріміз жас болды және біз уақыт өте келе жанр өзгереді деп ойламадық шыныменде. Бірақ енді жүрек соны қалап тұр. Яғни, сондай бір ойлар келе бастады. Жаңашылдық көрейік, сосын біз оны жастарға ұсынғымыз келеді. Оларға ұнап, түсініп жатса ары қарай жалғастыра береміз.

Иә, Зирузаға жаңа стиль сәттілік әкелсе, келешекте кью-поп ұғымын мүлдем ұмытуы ықтимал. Өйткені, өнерпаз қыздың командасы трендтен қалыспақ емес. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жобалардың жұмысы алға жүрмей жатқан көрінеді.

Ziruza, әнші:

- Иә, мен сондай сөздерді естіп жатырмын негізі! Үлкен кісілер болсын... Мүмкін тыңдармандары көп топтар немесе әншілер қазіргі кезде ән, бейнебаян шығармай жатқандықтан мүмкін солай көрініп қалған шығар.

Зирузаның да тыңдармандарына тың туынды тарту етпегелі біраз уақыт өткен. Қазіргі таңда әнші қыз камбэкке қызу әзірлік үстінде. Шығармашылыққа белсене кіріскен бұрымды, бұл жолы бұрын-соңды болмаған композиторлық қырымен танылмақ.

Ziruza, әнші:

- Өзімді солай сынағым келді. Мен осылай бір нәрсе жасай аламын ба, бір дүние қолымнан келе ме деген сияқты. Себебі өнер адамы тек қана біреудің әнін орындамай, өзінің әнін шығара білу керек екенін осы жақында ғана түсінген сияқтымын. Сол үшін мен жұмыс жасадым. Және де осылай ары қарай жалғастырамын деп ойлаймын.

Сондай-ақ, Зируза таяуда шағын үнтаспаның да тұсауын кеспекші. 5 тректен тұратын альбомға әнші қыздың су жаңа авторлық туындылары еніпті.