«Найнти уандық» Эйс қылмыскер! Мембер криминалды драманың бас кейіпкері атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кілең жұлдыздар жиналған картинаға түсу үшін, Элизат Берікова жарына қарсы шықты!

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Қазір біз «Зеркала» фильмінің түсірілім алаңындамыз. Мұнда жұлдыздар жетерлік. Аталмыш лента қалай таспаланып жатыр. Оны дәл қазір білеміз.

Рашид Сүлейменов, режиссер:

– Ал, менің жанымда фильмнің режисері – Рашид Сүлейменов. Рашид, енді бұл фильм туралы айтып берсеңіз, қандай бағытта болмақ. – «Зеркала» - бұл әлеуметтік тақырыптағы криминалды драма. Ауылдан қалаға келіп, қылмыстық жолға түскен жас жігіттердің оқиғасы баяндалады.

Фильмдегі басты қылмыскердің бірі – Найти уандық Ace. Жұмысқа білек сыбана кіріскен ол, сұхбат беруге асықпады. Оған себеп, өзі бұрындары айтқандай, қобалжу болса керек.

«Ninety one» тобы:

- Барлығы импровизациямен, сол жағы үйреншіксіз. Бірақ та, маған киноға түскен ұнайды екен.

Aл, Аce-тың кинодағы құрбысы - экс-кешьюлік Элизат Берікова. Бикештің түсірлім алаңынан табылуы, таңқалдырарлық жайт.

Элизат Берикова, әнші:

- Сіз жуырда ғана перзаентханадан шыққан едіңіз, балаңызды қайда тастап жүрсіз? – Балам менімен бірге. Тәтеміз қарап отыр. Енді, кішкентай болғаннан кейін үйде тастап кете алмаймын. - Ал, енді сіз киноға түсем дегенсоң, жұбайыңыз қарсы болған жоқ па? – Әрине қарсы болды. Негізі үйдегілердің бәрі қарсы болды десем болады. Ешкім маған қолдау көрсеткен жоқ негізі. Олай болмайдығой, бізде қырқынан шықпай жатып үйден шығармау керек деп. Білмеймін енді, бір Аллаға тапсырып, шығып кеттік.

Лентада Қайрат Нұртасқада азын-аулақ рөл бұйырған! Мұндай жұлдызды құрам, Аян Өтепбергенді өз көлеңкесінде қалдырғандай.

Аян Өтепбергенов, актер:

– Енді, әншілер болғанда Қайрат алдында өзінің фильмін түсірді ғой. Азамат, колледжде актер шеберлігін менен кейін оқыған жігіт. Элизат – ол әнші. Кино ол мен ойлаймын, киноға әркімнің таласы бар.

Киноға бәрі дәмелі болғанмен, рөлін шырқау шыңына жеткізіп ойнау – шеберлік екенін ұмытпаған жөн. Десе де, кәсіби актер, дебьютанттарға дән риза.