Селена Гомес қайырымдылықпен көзге түсті

Сообщить о проблеме с эфиром

Сылқым өнердегі әріптестері Ариэль Уинтер, Пол Радд және Джейсон Судейкиспен бірге Канзас-Сити қаласындағы ауруханада балалармен бір күн уақыт өткізген.

Жұлдыздар дәстүрлі «Big Slick Celebrity Weekend» шарасына атсалысқан. Дәл осы кездесуден кейін танымалдар бейсболдан сайысқа түсті. Ал, жиналған қаржы, балақайлардың еміне жұмсалмақ.

Крис Прэтт – енді Арнольд Шваценеггердің заңды күйеубаласы! Актер әйгілі «Терминатордың» тұңғышы Кэтринмен шаңырақ көтерді.

«Джорджио Армани» брендінің көйлегін киген Кэтрин мен Крис айтулы күндерін тек ет жақындарының арасында атап өтті. Екінші мәрте отау құрған танымал актер, бұған дейін Анна Фэриспен заңды некеде тұрған.

Голливудтың ең тартымды жұбы Брэдли Купер мен Ирина Шейктің шаңырақтары шайқалды! Олардың ортасына от салған – Леди Гага деседі индсайдерлер. Себебі, сылқым кезекті картинаның түсірілімі барысында Брэдлиді «қақпанына түсіріп», басын шыр айналдырып алған.

Сүйіктісінің суып кеткенін сезген Ирина болса, бірден «іргесін аулақ салыпты».