«Star of Asia-2019» халықаралық фестиваліне жолдама алған жұлдыздар қалай таңдалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ауқымды шоу биыл да ерекшеліктерге толы болмақ!

Сауал бізден, жауап сізден! «Ревюньюс» музыка мерекесіне қос билетті ұтысқа қойды!

Жуырда «Star of Asia -2019» фестивалі жалауын көтереді. Алматы шаһарында өтетін музыка шарасы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Үздіктер ғана бас қосатын жобаға, тек қатаң іріктеуден өткен жұлдыздар ғана жолдама алыпты.

Айнұр Көпбасарова, «Star of Asia» музыкалық фестивалінің бас продюсері:

- Қазақ эстрадасының белді жұлдыздары, өздерінің концерттерін қойып, гастрольге шығып жүрген, клиптерін түсіріп жүрген, халықтың қалаулыларын рейтингтеріне қарай шақырамыз. Ол жерде барлығы жанды дауыста. Бірінші міндет – жанды дауыс!

Жанды дауыстағы концерт симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Фестивалдің алғашқы жылы танымал әндерге арналса, былтыр этно-музыкаға басымдық берілген-ді. Биыл отандық өнерпаздар әлемдік хиттерді жаңаша нұсқада жарыққа шығармақ.

Назгүл Қарабалина, «Star of Asia» музыкалық фестивалінің қоюшы-режиссеры:

- Тек қана Қазақстандық, қазақ әндері болмайды. Бұл жолы әлемдік музыкаға көбірек бағыттадық. Себебі үлкен стадионда неге Бруно Марсты естімеске..? Ол енді хиттер ғой. Неге біздің JCS-тің «Мой домын» естімеске, Джей Лоның әнін бір естімеске деп...

Жұлдызды кештің сценарийі де түрлі сиқырларға тұнып тұрса керек. Жоба авторлары, «Стар оф Эйжада» ән шырқайтын әрбір әртіске арнайы тоқталмақ.

Шынар Омарова, сценарист:

- Ол әншінің әнін тыңдайсың сол күні орындайтын. Ол әншінің өмірбаянын оқисың, видеосын көресің. Әншінің мінезін басыңа топтаған соң, оған берілетін нақты анықтама дүниеге келеді.

Ауқымды шоуда жаһан жұлдыздары да өнер көрсетеді. Мәселен, кештің хэдлайнері – оңтүстік Кореядан келетін «Пентогон» тобы.

Осы орайда «Ревю» ұжымы қос билетті ұтысқа қояды. Аталған бойзбендтің шығармашылығына қатысты сауалға дұрыс жауап берсеңіз, «Стар оф Эйжа» фестивалінің құрметті қонағы атанасыз!

2018 жылдың тамыз айында «Пентагон» тобының құрамынан қай мембер шығып кетті? Есімін атаңыз!

Редакция нөмері 244-88-33. Алматы қаласының коды 8-727.

Айта кетейік, маусым айының 15-сі мен 16-сы күндері өтетін Медеу шатқалындағы музыка мерекесін әлемнің 118 мемлекеті live-форматта тамашалайды. Ал, қазақстандық тыңдармандар үшін тікелей трансляция НТК арнасының эфирінде көрсетіледі.

Серікқазы Аязбаев, Ревю жаңалықтары!!!